Усть-Каменогорск
пасмурно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Зейнетақы өтемақысын қалай алуға болады?

Қазақстанның барлық азаматтары зейнетке шыққан кезде бір реттік өтемақы ала алады

Ал ол өтемақының азаматқа берілетіндігін не берілмейтіндігін Халыққа қызмет көрсету орталығына барып білуге болады. 

Қазақстан - зейнетақы жинақтарына кепілдік беретін әлемдегі бірден-бір ел. Азаматтың зейнетақы қорына жинаған қаржысының құнсызданбай, өз деңгейінде сақталуына кепілдік береді. Бірыңғай зейнетақы қорына жиналған қаржыны банкке депозит күйінде не бағалы қағаздарға инвестиция түрінде сала отырып, табыс жинайды. Осылайша азаматтың қорға аударған қаржысы өз-өзіне табыс тауып, теңге қанша құнсызданса да, өз құнын жоғалтпайтын болады. 

Ал егер азаматтың зейнетақы қорына аударған қаржысы мол табыс әкелген болса, онда мемлекет артылған қаржыны өтемақы ретінде азаматтың өзіне төлеп беруге ниетті. 
- "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 5-бабында азаматтың қорда жиналған мiндеттi зейнетақы жарнасының үстіне құнсызданған қаржының сомасы қосылып берілетіндігі айтылған. Яғни, зейнетақы қорына жиналған қаржы сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарынан артық не оған тең болған жағдайда айырма төлем төленбейді. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарынан төмен болған жағдайда республикалық бюджеттен өтемақы төленетін болады, - дейді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ШҚО облыстық филиалы директорының орынбасары Қарлығаш Байділдаева.
Яғни, азаматтың зейнетақы қорына жинаған жарнасы 1,7 млн теңге болып, инфляцияны ескере отырып есептелген жинақ сомасы 1,5 млн теңге болса, онда арасындағы 200 теңге өтемақы ретінде азаматқа беріледі. 

Ал бұл өтемақыны алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барып жүгіну қажет. Орталық мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеп береді. Ол үшін орталыққа барып, өтініш жазу керек. Өтініш бір күннің ішінде қаралып, өтемақы сомасы есептеледі. 
Следующая →