Усть-Каменогорск
пасмурно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көктемгі әлсіздікті қалай жеңуге болады?

Көктем келіп, шуағын шашқанда әлдебір жылылық күтіп тағатсызданамыз. Алайда, көктем келе түрлі сырқат та сыр беретіні анық

Дегенмен сол көктемде өмірдің күйбең тіршілігімен қоса әлсіздік балағымыздан тартып, авитаминоз жағамызға жармасқанда баз біреуіміз не істерімізді білмей дал болып жатсақ, біреуіміз, тіпті, сезбей де қаламыз. 

Иә, жылдың ерекше бір мезгілі келе сала қуантады ма десек, керісінше, өзімен бірге депрессия мен авитаминоз достарын ертіп келетіні бар. Жалпы, авитаминоз деген не? Оның алдын алу үшін не істеу керек? Көктемгі әлсіздікті қалай жеңуге болады? Бұл сұраққа арнайы маманнан жауап алып едік.

Авитаминоз - адам ағзасында дәрумендердің азаюынан пайда болатын ауру. Мезгіл ауысқанда, әсіресе, көктем мезгілінде авитаминозға шалдыққан адамдар саны артады. Шаштың түсуі, тәбеттің болмауы, ұйқының нашарлауы, дене салмағының азаюы - осының бәрі авитаминоз ауруының белгілері болып табылады екен.
- Мезгілдік ауысым биологиялық реттілікті бұзады. Бұл кезде ағзада түрлі вирустық аурулар көп кездеседі, иммундық жүйе зақымдалады. Витаминнің аз түсуінен, ағзада гиповитаминоз дамиды. Ол да - адамдардың әлсіреуіне себепші. Сондай-ақ, қар еріп, ауа райы өзгеріп жатқанда, адамдар қан қысымының төмендеуі мен бас ауруларынан зардап шегеді. Оған қоса, күніне сан рет құбылатын ауа райында тоңасыз, терлейсіз, жел тиеді, суық тигізіп аласыз, - деп түсіндіреді жалпы тәжірибелік дәрігер Біржан Қалибеков.
Авитаминозды уақытылы тоқтату үшін, алдымен, оның белгілерін білу қажет. Маманның айтуынша, аурудың негізгі белгілері - ұйқының қанбауы және стресс. Сонымен қатар, адамдарың болмайтын нәрсеге ренжуі, имунитеттің әр түрлі ауруға әлсіз болуы басым болады. Бетте безеу, сепкілдің пайда болуы, шаштың түсуі, сыртқы бейненің өзгеруіне алып келеді.
- Ең алдымен дұрыс тамақтану қажет. Құрамында дәрумендері көп тамақтарды талғап жеу керек. Сәбіз - ең пайдалы көкөніс. Оның құрамында  В1, В2, В6, С, Е, РР, К дәрумендерімен қатар минералды тұз да бар. Сәбіз көздің көруін жақсартып, терінің жақсаруына әсер ете алады.  Қызылшаны да көбірек жеңіздер. Оның шаршауды басып, депрессиядан құтқаратынын көбіміз біле бермейміз, - дейді дәрігер. 
Дегенмен, авитаминоздың белгілері біліне бастағанда дәрігердің нұсқаулығынсыз көкөністер мен тамақтарды бейберекет жей беруге де болмайды екен. Сонымен қатар, көктем мезгілінде көңіл-күйдің де көтеріңкі болуын қамтамасыз ету керек. Анығырақ айтатын болсақ, стресс - қатты куйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі. 
- Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз, - дейді "Жас Отан" жастар қанатының психолог маманы Мария Сухоносова.
Сондай-ақ, әр адам өзінің дене және психикалық саулығына назар аударуы керек. Психологтар дерттен айығу үшін адам, ең алдымен, ішкі жан дүниесінің мәнін ашып, өзінің сүйікті ісімен айналысу керектігін айтады.

Айтпақшы, қазақ менталитеті қоғамды көп нәрседен шектейді. Шын мәніне келгенде, адам ауруханаға оңалу үшін барады. Психиатрға барып қаралатындардың барлығы-дерлік "жынды" деген сөз емес. Ауру белгілері кездессе де, дәрігердің қабылдауына барып, емделуге болады. 
- Психикалық ауытқуы бар адамдардардың денсаулығына күннің көктемде 2 сағатқа ұзарғаны және күзде қысқарғаны біршама әсер етіп, клиникалық белгілерін береді. Бұл кезеңдегі шаралар қатарына диспансерлік бақылау, психиатр кеңесі және жоспарлы госпитализация жатады, - дейді жалпы тәжірибелік дәрігер Біржан Қалибеков.
Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының деректерi бойынша, әлемде 450 миллионнан аса адам түрлi жүйке ауруларымен ауыратын көрiнедi. Оның 300 мыңға жуығы Қазақстанда тұрады екен.

Иә, жыл мезгілінің ауысуы науқастарға да өз әсерін тигізбей қоймайды. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолын іздейік. Алты игіліктің біріне баланатын денсаулыққа көңіл бөлуді ұмытпаған жөн.
Следующая →