Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ит асыраушылар тазалық сақтамайды

Көктем құтырма ауруының өршитін шағы. Бұл кезде иттер мен мысықтар да құтырманы қоздырып, індеттің тарауын күшейтеді

Оның үстіне, қалада, далада болсын, ит асыраушылар жауаптылық танытып, жануарына екпе жасатуды құлық көрмейді. Ал ит иесі оған ветеринариялық төлқұжат жасауы тиіс екені белгілі. 

Қала тұрғындарының кейбірі, әсіресе, көпқабатты үйде тұратын жандар ит иелерін гигиена сақтамайды деп айыптайды. Өйткені итін көшеге, аулаға алып шыққан тұрғындар оның нәжісін жинап, жүнін тарап, тазалық сақтамайды. 
- Иттің сілекейі мен нәжісінен жұғатын ауру көп. Сілекейінен құтырма тараса, нәжісінен құрт ауруы - эхинококкоз тарайды. Иттің асқазанындағы құрттар нәжіспен бірге жерге түсіп, ол адамға, малға жұғады. Қойда болатын "жынды", "жылауық" ауруы да дәл осы иттің тезегінен келеді. Ал ит иелерінен "осы ауруға қарсы екпе салдырып, ветеринариялық құжат жасаттың ба?" деп сұрасаң, "жоқ" деп жауап береді. Иттерін аулаға алып шығып, үйдің артына да, алдына да "отырғызып", маңайды ластап, былғайды. Үйдің маңында екі бірдей мектеп бар. Мектептердің ауласында ойын, спорт алаңдары, көшет отырғызатын жері болады. Ит ұстаушылар мектеп алдындағы әлгі алаңдарға иттерін қыдыртып, оны ластап, баланың денсаулығына қауіп төндіреді. Мұнымен кім айналысу керек?! Аумақтық полиция бөлімшесі мен ветеринария бөлімі жануарларды есепке алып, тазалық пен гигиена сақтамаған иелеріне қатысты шара қолдануы тиіс қой, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Жеңісбек Мульянов. 
 Ал ветеринария бөлімі заңда ит пен мысыққа ветеринариялық паспорт жасату міндеттелмегенін алға тартып, жануарына "жаны ашығандар" ғана бұл құжаттарды өз еркімен жасата алатындығын айтады.
- ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 30 қаңтардағы бұйрығында ит пен мысыққа ветеринариялық құжат жасау міндеттелмеген. Жеке және заңды тұлғалар өз есебінен клиникаларға қаралып, үй жануарларына екпе жасата алады. "Ветеринария туралы" Заңда профилактика жұмыстары жануар иелерінің есебінен жүргізілетіндігі айтылған, - дейді Өскемен қаласы ветеринария бөлімінің басшысы Серікхан Күдебаев.
Ал облыстық ветеринария басқармасы елде ит пен мысыққа нақты санақ жасап, қадағалап отыратын заңның жоқ екендігі әрі санақпен айналысатын жауапты органның бекітілмегенін айтады. Демек, ветеринария басқармасы да бұл құжаты жоқ тұрғындарды заң тұрғысынан жазалай алмайды. 
- Үй жануарларына ветеринариялық төлқұжат жасау тәртібі бұрын  болмаған. Тек асыл тұқымды иттердің ғана құжаттары болған. Бірақ соңғы уақыттары құтырма дертімен ауырғандар көбейген кезде, ит мен мысықтардың барлығында ветеринариялық төлқұжат болу керектігі айтыла бастады. Қазір бұл құжаттарды ветеринар дәрігерлер береді, - дейді басқарманың ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Нұрасыл Саматұлы.
Ветеринария басқармасы санақ жүргізбесе де, қаңғыбас иттер мен мысық аулауды міндетіне алған. Қауіптің көзі үй жануарлары емес, қаңғыбас жануар деп білетін ветбасқарма жыл сайын белгілі бір жоспар құрып, сол бойынша қаңғыбас жануарлардың көзін жойып отырады. 

Былтыр облыста 27600-ден аса ит пен мысық атылған. Ең көбі Семей қаласы мен Үржар ауданында. Семейде 6500-ден аса, Үржарда 6400-ден аса ит пен мысықтың көзі жойылған. 

Ал биыл қаңтар-ақпан айларында облыста 9251 ит пен мысық ауланған. Мұнда да Үржар мен Семейдегі, Өскеменде атылған иттердің саны өзге аудандарға қарағанда көп. Үржарда 2188 ит пен мысық, Өскеменде 1305 ит пен мысық атылған. 

Былтыр облыста 1001 қаңғыбас ит адамды қапқан болса, 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында 128 қаңғыбас ит адамға шабуыл жасаған. 
- 2017 жылы бейсауат жүрген иттер 245 тұрғынды қауып, зиянын келтірсе, биыл екі айда қаңғыбас иттен зардап шеккен 60 қала тұрғыны ауруханаға жүгінген. Оларға антирабиялық медициналық көмек көрсетілді, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық ветеринария бөлімі.
Сонымен қатар, ветеринария бөлімі тұрғындардың 57-41-69 нөміріне не "Өскемен мал дәрігерлік қызметіне" хабарласып, қаңғыбас иттер жайлы ақпарат беріп, шағымдана алатындығын жеткізді. Бұл мекенжайға үй жануарларымен байланысты өзге де сауалдарды жолдап, қажетті мәліметтерді білуге болады. 
Следующая →