Усть-Каменогорск
ясно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +22°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Көктайғақтан қанша адам зардап шекті?

Шығыс Қазақстан облысында ауа райы құбылмалы болып тұр. Біресе қар жауып, боран соқса, аракідік жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналған

Көктайғақ салдарынан көлік қозғалысы да айтарлықтай қиындаған. Өскеменде көктайғақтан зардап шеккендер саны өткен аптада 4 есеге көбейген. Жарақат бөлімшесіне, әдетте, күніне 70-80 адам қаралса, қазір олардың қатары едәуір артқан.

6-13 наурыз аралығында облыс орталығының көшелері мен аулаларында тайғанап, құлаған 400-ге жуық тұрғынның қол-аяғы зақымданып, сынған. Осы адамдардың барлығы №1 қалалық ауруханаға жүгінген. Тұрғындар бұған көшелерді дер кезінде тазаламайтын коммуналдық қызметті кінәлап отыр.

- Осы аптада көктайғақтан 365 адам жарақат алып, ауруханаға түсті, - дейді №1 қалалық аурухананың БАҚ бойынша мониторинг маманы Динара Акшанова. - Диагноздардың басым көпшілігі - сан сүйегі, қол сүйегі, одан кейін сирақ сүйек, тобық сүйектердің сынуы, шашырауы және көгеруі.

Жарақат алғандардың басым бөлігі ем-дом қабылдап, үйлеріне жіберілсе, жағдайы ауыр адамдар ауруханада жатуға мәжбүр. Ауруханаға жүгінгендердің басым бөлігінің жасы 18-ден асқан жастар мен егде тартқан азаматтар.

Следующая →