Усть-Каменогорск
ясно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +11°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шығыстың дәстүрлі медицинасы

Адамның ішкі ағзаларын оған ота жасамай-ақ емдеу - Шығыс халықтарының мәдениетіне тән ежелден келе жатқан емдеу тәсілі

Дәстүрлі медицина саласында 27 жыл тәжірибе жинаған дәрігер Бану Құдабаева "арам қаннан" не үшін құтылу қажеттігін, сүлікпен емдеу мен ине сұғу арқылы ағзаны сауықтырудың пайдасы қандай екендігін айтып бермек.


"Арам қан"

Шығыс медицинасында "хиджама" атты қан алу тәсілі бар. Хиджама жасау кезінде адам денесінің бірнеше жері тілініп, оған оңқа қойылады. Ал оңқа тілінген жерден арам қанды сорып жинайды. Бұлай уақытылы қан алдырып отыру ағзаға өте пайдалы, оның жұмысын жақсартып, қанға шипалық қасиет дарытады. Көптеген аурулардан емделуге көмегі тиеді. Хиджама - сүннетке сай амал.

Әйел адамдардың көпшілігі хиджама жасатудың қажеті жоқ, өйткені ай сайын әйелдің аналық жасушасы жаңарып, артық қан денеден шығарылып отырады деп сенеді. Алайда Бану Құдабаева бұл пікірдің дұрыс еместігін айтады.

- Бұл екеуін шатастыруға болмайды. Себептері әртүрлі. Қан алу арқылы әйелді бедеуліктен емдеуге болады, ал арам қан өзінен-өзі сыртқы шықса да, оның шипалық қасиеті болмауы мүмкін. Ер адамға да хиджама жасау арқылы бедеулік дертінен арылуға болады, - дейді Бану Жүмәділқызы.

Емшінің сөзіне қарағанда, простотит, геморрой, диабет, гепатит, ревматизм, тері, қатерлі ісік, бас пен мойын, арқа ауруларынан қан алдыру арқылы емделуге болады.


Сүлікпен емдеу

Қан сору арқылы емделудің тағы бір көне тәсілі - бұл сүлік салу.

- Сүлік адамның денесіндегі арам қан жиналған жерге салынады. Оның сілекейінде адамға пайдалы 20 шақты биологиялық белсенді зат бар, кейде одан да көп. Сүлік тістеген кезде, пайдалы ферменттер қанға араласып, адамға қажеті жоқ заттарды сұйылтып жоғалтады. Мәселен, гирудин сұйықтығы жиналған холестерин мен ұйыған қанды сорып қана қоймай, қатерлі ісік пен қабынудың алдын алуға көмектеседі. Қан айналымын жақсартады, - дейді емші.

Қанға араласқан сүліктің сілекейі бүкіл тамырға таралып, оны тазартады. Жүйке жүйесін сергітіп, күйзелістен, ұйқысыздық кеселінен арылуға көмектеседі.

Ал арам қанды сорып алған сүлік кейін өліп қалатын көрінеді.

- Сүлік медицинада тек бір-ақ рет қолданылады. Оны арнайы фабрикада 1,5 жыл өсіреді. Сүлікті екінші қайтара қолдануға болмайды. Онда оның мүлдем пайдасы болмай қалады, - дейді Бану Құдабаева.

Ал фабрикада өсірілетін сүліктерге жас бұқаның, еркек тананың қаны беріледі.


Инемен емдеу

Инемен емдеу Шығыс медицинасында көне дәуірлерде, нақтырақ айтсақ, Қытайда пайда болған. Бұл емдеу тәсілінің 2000-3000 жылдық тарихы бар деседі. Қазір әлемде кең таралған.

- Арқа мен буын ауруларын ине салу арқылы емдеуге болады. Денедегі емдік нүктелерді тауып, оған 15 минут бойы инені қадап қойса, аурудың қабынуын қайтарады, - дейді маман.

Ине терапиясынан қорқудың қажеті жоқ. Өйткені ине сұққан нүктелер ағзаның емдік арнасы болғандықтан, ол қадалған кезде ауырмайды. Дәрігер де адамның сезімтал нүктесін ойланбай тауып, инені дәл қадайды. Ине ретімен сұғылады. Сол кезде адам денесіне жылудың келгендігін сезеді.

Бану Құдабаева Шығыс медицинасының өзге де емдеу тәсілдерін қолданып, пациенттерін сауықтырады. Мәселен, шөп дәрімен емдеу немесе магнитудасы бар аппаратпен емдеу. Әр науқасқа - бір ем, өзіндік жол.

Емші дәрігер жоғарыда аталған емдік тәсілдерді қолдану арқылы қаланың бойкүйез тіршілігінен жұққан күйзеліс, алаңдау, уайым кешу сынды сана дертінен де айығуға болатындығын айтады. Адам денесіндегі емдік нүктелерді жаңарту, белсенді ету арқылы көптеген аурудан сауығуға болатындығын да ұмытпаған жөн.

Следующая →