Усть-Каменогорск
пасмурно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -3°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шығыс өңірінде жер үй өрті басым

2017-2018 жылдың жылыту кезеңінде 487 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда бір пайызға артық көрсеткіш

Өрттен қаза тапқандардың саны биыл 17 адамға жетті. Олардың екеуі - балалар. 2016-2017 жылғы кезеңде 21 адам қаза тапса, олардың үшеуі балалар болған. Биыл жарақат алғандар 16 адам болса, олардың 4-еуі балалар.

- Өрттің шығу себептерін алатын болсақ, 202 жағдай үйдегі пештерді пайдалануда қауіпсіздік ережелерін бұзғаннан орын алады, - дейді ШҚО ТЖД басшысының орынбасары Амангелді Шегетаев. - 188 жағдайда азаматтардың отпен абайсыз болуы тіркелген.

38 жағдай электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбаудан орын алды. Ал 8 жағдай балалардың отпен ойнауынан шыққан.

Бүгінгі таңда өрт жағдайлары жер үйлерде басым болып отыр. Көп жағдайлар тұрғындардың пештерді тазаламауынан, өрт қауіпсіздігін сақтамаудан және пештерді тұрғызу кезінде қателіктер жіберуден болады. Бұл тек өрт емес, иіс газынан уланғандардың санын арттыруда.

- Егер аудандық көрсеткіштерді алатын болсақ, пештен шыққан иіс газынан Абай ауданында екі адам, Глубокое ауданында бір адам көз жұмған, - дейді Амангелді Шегетаев. - Өскемен қаласында иіс газынан 32 адам, Семейде 22, Глубокое ауданында 2 адам, Бородулиха ауданында 4 адам, Күршім, Ұлан аудандарында 3 адам жарақат алған.


Следующая →