Усть-Каменогорск
ясно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +22°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +25°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +20°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Абай ауданында мал сою орны кеңейтіледі

Абай ауданы сойылған малдың етін кесектеп, Өскемен мен Семей қалаларындағы ірі сауда орындары мен гипермаркеттерде сатуды ойлап отыр

Ауданда қазіргі уақытта жергілікті кәсіпкердің мал сою пункті бар. Алдағы уақытта ол оны кеңейтіп, үлкен өндіріс орнына айналдыруды ойластыруда.

- Малды тірідей шикізат күйінде сатқаннан гөрі, оны сойып, брикеттеп сатқан пайдалы. Оның үстіне, қала халқы етті базардан емес, үлкен сауда орындарынан сатып алғанды қалайды, - дейді аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров.

Қазіргі уақытта мал сою орнына етті кесіп, кесектейтін арнайы қондырғы әкелінген. Ет кесектеліп дайындалса, ысырап болмайды әрі тасымалдауға жеңіл болады.

Алдағы уақытта 10 тонна ет сыятын тоңазытқыш қойылмақ. Одан кейін, ауыл тұрғындарының малдарын сатып алып, қасапханаға әкеліп көптеп соя бастайтын болады.

Следующая →