Усть-Каменогорск
пасмурно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +22°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-ға 400 отбасы көшіп келді

Биыл облысқа барлығы 392 отбасы немесе 1200-ден аса адам көшіп келген

Оның ішінде 300 отбасы оралман ағайындар болса, 92 жанұясы елдің өзге өңірлерінен келген азаматтар.

Облыста жұмысшылар жетіспейді. Ал мұның орнын толтыру үшін ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жыл сайын квота бөліп отырады. Бұл квоталар жұмысшы саны артық Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарының азаматтарына беріледі. Былтыр 98 квота берілген.

- Аталған өңірлерден облысқа 128 отбасы немесе 357 адам келіп қоныс тепті. Сонымен қатар, облысқа үш жүз отбасы немесе 907 оралман ағайын көшіп келді. Сонда облысымызға барлығы 687 жұмысқа қабілетті азамат келіп қоныстанған екен. Оның 402-сі тұрақты жұмысқа орналасты, - дейді басқарма басшысының орынбасары Асхат Садиров.

Көшіп келген отбасылардың әрбір мүшесіне 35 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 80 мың теңге шамасында өтемақы төленіп, бір жыл көлемінде ай сайын пәтерақыға 34-68 мың теңге қаржы беріліп отырған.

Қазіргі уақытта өзге өңірлерден көшіп келген жанұяларды орналастыру үшін Риддер қаласы мен Шемонаиха ауданында 60 пәтерлі екі тұрғын үй салынып жатыр. Тұрғын үйлер ағымдағы жылдың күзінде пайдалануға беріледі.

Следующая →