Усть-Каменогорск
малооблачно
+8°
  • Усть-Каменогорск
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +11°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семей-Қарауыл тас жолы жөнделеді

Биыл Абай ауданы орталығынан Семей қаласына дейінгі облыстық маңызы бар тас жол жөнделмек. Оған облыс бюджетінен 2,5 млрд теңге қаржы бөлінген

Аудан әкімінің айтуынша, жол жөндеуге бұған дейін мұндай қаржы сомасы бөлініп көрген емес. 

- Семей-Қарауыл жолының 61 шақырымын жөндеуге алдымен 1 млрд 287 млн теңге бөлінсе, кейін 55 шақырымын жөндеуге тағы да 990 млн теңге қаржы бөлінді. Сонда Қарауыл ауылынан Семейге қатынайтын 116 км жолды жөндеуге барлығы 2 млрд 478 млн теңге қаражат бөлініп отыр, - дейді аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров.

Өткен жылы Семей-Қарауыл тас жолының 15 шақырымына орташа жөндеу жасалған. Оған 215 млн теңге бөлінген. 

 Сонымен қатар ауданда 68 млн теңге қаражатқа ауыл арасындағы жолдар жөнделіп, су құбырлары мен саябақтарды қалпына келтіру жұмыстары жасалған. Атап айтқанда, Орда ауылына кіреберіс жолдың 2,2 шақырымы жөнделіп, қиыршық тас төгіліп, екі суағар, үш жол белгісі қойылған. Медеу ауылына кіретін жол да жөнделіп, 1,2 шақырымына қиыршық тас төселіп, екі суағар, алты жол белгісі орнатылған.

Қарауыл мен Семей қаласы арасындағы жолдың жөнделуі, әсіресе, туризм үшін қажетті. Өйткені бұл ауданға елдің өзге өңірлерінен де, шетелден де көп қонақтар келеді. Мұнда Абай мен Шәкәрімнің мемориалды музейі, Қоңыр Әулие үңгірі бар. Былтыр Қоңыр Әулие үңгіріне жөндеу жасалып, жарық тартылғаны белгілі. Соның арқасында киелі мекенге 5 мың адам келген. 

Биыл Шәкәрім қажының туғанына 160 жыл әрі ауданның құрылғанына да 90 жыл толып отыр. Соған орай, ауданда мәдени іс-шаралар жасалып, келуші қонақтардың қарасы көбеймек. Осыны ойлаған аудан басшылығы салынатын жолдың сапалы болуын қадағалайтындығына уәде беріп отыр. 
Следующая →