Усть-Каменогорск
ясно
-21°
  • Усть-Каменогорск
    -21°
  • Алматы
    -7°
  • Нур-Султан (Астана)
    -9°
  • Актобе
    -12°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -13°
  • Кокшетау
    -12°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -7°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    -4°
$
514.93
-0.96
536.04
-0.28
¥
70.55
-0.15
5.18
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да кәсіпкер грейдер құрастырған

Глубокое ауданының тұрғыны жол күреуге арналған шағын тіркегіші бар грейдер құрастырып шығарған

 Кәсіпкер шетелдік техникаларды жетілдіре отырып, жаңаша үлгіде жасап шығарған көлігін облыс әкімі Даниал Ахметовке таныстырды. Іскер азамат ресейлік грейдердің темір қаңқасын ала отырып, күрегіштің жүзі мен шеткі қанатын өзгертіп, оны тіркегіштің астына іліп, тракторға жалғанатындай етіп құраған.

Өнертапқыштың айтуынша, мұндай шағын грейдерлер Ресей мен Украинада көптеп қолданылады. Алайда Қазақстанда жоқ. Оның үстіне, Ресейде жасалған грейдер қымбат. Ал қазақстандық кәсіпкердің жол тазалаушысы одан екі есе арзан көрінеді, жол тазалауға да ыңғайлы.

- Ресейде жасалған грейдердің бағасы 7,5 млн теңге шамасында. Ал біздің техниканың жол күреуге деген икемі басым. Күрегішті көтеріп-түсіріп, оңға-солға бұру арқылы жолды қардан барынша таза, жеңіл күреп шығуға болады. Грейдердің тіркегішіне жолға себетін құм мен құрал-жабдықтарды салуға болады. Жұмысшылар да тіркеменің үстіне отыра алады, - дейді кәсіпкер Нұрлан Нұғыманов.

Ал жаңа жасалған техникамен танысқан облыс әкімі грейдерді қалың емес жұқалау темірден жасау арқылы оның бағасын әлдеқайда арзандатуға болатындығын айтты. Техника иесі мұны ескеретіндігін жеткізді.

Кәсіпкердің мақсаты - жасаған техникасын жол тазалауға қолдану. Ал ол үшін оны көптеп жасап шығару қажет. Аймақ басшысы мұндай грейдерлерді кәсіпкерден сатып алу мәселесін әлі де қарастыратындығын білдірді. Егер экономикалық жағынан тиімді болса, онда әрбір ауданға бес-алты техникадан сатып алынуы мүмкін. 

Следующая →