Усть-Каменогорск
ясно
+12°
  • Усть-Каменогорск
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +23°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Сарбаздар жаңа пәтерге ие болды

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында Семейдегі Отан қорғаушылардың 120 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды

Семей қаласының "Юность" ықшам ауданында 2013 жылы 60 пәтерлі төрт үйдің құрылысы басталып, қаржы тапшылығына байланысты аяқсыз қалған болатын. Тек 2015 жылдың соңында ғана қаржы бөлініп, жұмыс қайта жанданды. Биыл төрт үйдің екеуі Семей горнизонының офицерлері мен әскери қызметкерлеріне берілді.

Семей қаласына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов әскери қызметкерлерге пәтер кілттерін табыс етті.

- Бүгін еліміздің Қорғаныс министрлігі 120 пәтерді қолданысқа беріп отыр. Қоныстой әр адамның тағдырына әсер ететін өмірлік мереке, - дейді Даниал Кенжетайұлы. - Сіздер Отанды қорғауға дайын болу деген даңқты миссияны атқарушысыздар. Сіздердің бұл міндетті өжет атқара алатындарыңызға сенімдімін.

Елбасымыз қарулы күштерді қолдап, әскери қызметкерлердің мәртебесін арттыру мақсатында әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді тапсырған. Беріліп отырған пәтерлердің құрылыс жұмыстары Қорғаныс министрлігінің жеке бақылауында болып келген.

- Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев әскери қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға үлкен көңіл бөледі, - деді сарбаздарға "Восток" ӨҚ қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Қашағанов. - Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын. Бұл сый сіздердің отансүйгіштіктеріңізге, елдеріңізге еткен еңбектеріңізге құрмет ретінде табыс етілді. Жаңа шаңырақ астында өздеріңіздей өр мінезді ұрпақ тәрбиеленеді деп сенемін.

2018 жылы ҚР Қарулы күштері әскери қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы заң қабылданған. Бұл заңнама барлық санаттағы сарбаздардың пәтер мәселесін шешеді.

- Әскери қызметте жүргеніме бірнеше жыл болды. Бұл қызметте жүріп отбасылы болдым, екі баланың әкесі атандым. Енді жаңа пәтерге қол жеткізіп отырмыз. Қуанышымызда шек жоқ. Тіпті, ішкі толқынысымды жасыра алар емеспін, - дейді сарбаз Қайырбек Нұрекенов.

Өңір басшысы кілттерді табыс ету рәсімінен соң жаңа үйдің құрылысымен танысып, пәтерлердің кеңдігіне, жоспарлы түрде үйлестірілгеніне оң бағасын берді. 

Следующая →