Усть-Каменогорск
пасмурно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тазалық сақшылары көктемге дайындалуда

"Өскемен Тәртіп" коммуналды кәсіпорнының қызметкерлері Согра, ЖМК аудандарындағы қауіпті учаскелерді назарына алды

Кешенді шаралардың көмегімен қысқы және көктемгі кезеңдегі су басу қаупінің алды алынады.

Қазіргі таңда Ахмер, ЖМК аудандарындағы су жолдарының бойына бақылау жүргізілуде. Шөп-шалаң өсіп кеткен жерлерді тазалап, бітеліп қалған су жолдары техникалармен тазартылуда. Кейбір учаскелердегі қатып қалған құбырлардың мұздары ойылады.

- Геодезистер су жиылып қалған өңірлерді қарауда. Сол сияқты ЖМК ауданында орналасқан Шешек асуының маңындағы су тоғытылған жерлерде жұмыстар жүргізілуде. Аудан тауға жақын орналасқандықтан ТҮКШ бөлімдері және ТЖБ мамандарымен бірге жұмыс істеудеміз, - дейді "Өскемен Тәртіп" КМК баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанова. - Бұл жұмыстардың барлығына үш Foton техникасы, екі тиегіш көлік және құбырларды мұздан тазартуға арналған КамАЗ автокөлігі жұмылдырылған.

"Өскемен Тәртіп" коммуналды кәсіпорнының қызметкерлері барлық жағдайларға сақадай сай отырғандарын айтады. Дайындық жұмыстарынан өзге кәсіпорын қоқысты сұрыптап жинауға арналған жәшіктерді орнатуды бастап кеткен.

- Қазір қаламыздың екі аялдамасына арнайы жәшіктер орнаттық, - дейді Әсел Ахметжанова. - Олар "Юбилейный" кинотеатры мен "М. Горький" аялдамаларына қойылды. Жәшіктер төртке бөлінген. Сары - шыны, жасыл - қағаз, көк - пластик және қызыл - өзге де қалдықтарға арналған. Бұл жәшіктер аялдамалардың екі жағына бірден орналастырылды. Жоспар бойынша бүкіл қалалық аялдамаларға осындай жәшіктер орнатуды көздеп отырмыз.

Екі алып өзеннің құшағында орналасқан облыс орталығының көктемгі шағы ауыр тиеді. Дегенмен, қалалық жедел қызмет өкілдері ертерек дайындыққа көшуді әдетке айналдырып келеді.

Айта кету керек, жуықта ТЖБ мамандары 4,5 мың тұрғыны бар саяжай аумағын су басу қауіпі туралы айтқан болатын. Атап айтқанда Соградағы Безымянный жылғасы, Маховка өзені, Үлбі өзені мен оның ағыстары, Гавань ауданындағы Овечий кілті жылғасының ағысы, Ахмер ауылдары қауіп үстінде.

Аблакетка ауданы Ертіс өзенінің жағасындағы "Ертіс-2", Прохладный ауданындағы: "Ертіс құрылысшысы", "Алтай құрылысшысы", "Восточник-3", Әуежай ауданындағы "Шығыс сәулесі", "Таң", "Мичуринец-1,2", "Ертіс-1", "Арал", Понтон көпірі ауданындағы "Светоч", "Ертіс-3", "Масақ", "Достық-1", "Орал" және "Сетевик" бау-бақша қауымдастықтарына қауіп төнуі ықтимал. Қауіп ықтималдылығына байланысты құтқарушылар аулаларды тазартып, су ағатын жолдарды ұйымдастырып, мөшек, топырақ, құм дайындауға шақырады.

Следующая →