Усть-Каменогорск
ясно
+7°
  • Усть-Каменогорск
    +7°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +11°
  • Актобе
    +9°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +13°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +12°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
479.05
534.57
¥
67.92
5.17
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Үш ауданға газ тартылуы мүмкін

Былтыр Зайсан қаласына газ тартылған болатын. Облыс әкімдігі алдағы уақытта тағы да үш ауданды газбен қамтуды көздеп отыр

Бұл жайында облыс әкімі Даниал Ахметов Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылауға арналған актив жиынында айтты. Аймақ басшысының ойынша, облыстың үш ауданында газ тарту жұмысын қытайлық инвесторлармен бірігіп жүзеге асыру қажет.

- Былтыр Зайсан қаласында ұзындығы 5 шақырым болатын газ құбыры тартылып бітті. Биыл газ өндіру жобасымен айналысатын қытайлық компаниямен қайта келісімшарт жасар алдында инвесторларға облыстың, кем дегенде, үш ауданына газ құбырын тарту талабын жүктеуіміз қажет. Ең алдымен, Үржар, Зайсан, Тарбағатай аудандарында газ тартылуы тиіс, - деді Даниал Ахметов баяндама барысында.

Зайсан ауданын газдандыру жобасы 2013 жылы басталған болатын. Қазіргі уақытта тек Зайсан қаласы ғана толықтай газға қосылып отыр. Ендігі кезекте ауданның өзге ауылдары мен ауданға шекаралас жатқан басқа аудандарға газ тарту ісі қарастырылуда. Ең алдымен, Тарбағатай ауданына газ тарту құрылысы жоспарда тұр. Одан кейін Зайсаннан шыққан газ Үржарға да жетуі мүмкін.

Следующая →