Усть-Каменогорск
пасмурно
+19°
  • Усть-Каменогорск
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +8°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Қазмырышта" жаңа бөлім ашылды

Әлемде көптеген қауіпті мамандық түрлері бар. Өмір мен өлімнің арасындағы қылдың бойында жүру кейбір қызметкерлердің өмір салтына айналып кеткен

Міне, осындай қауіпті қызмет түрлерінің бірі - кәсіби әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі. Бұл жасақ ірі тау-кен өндіру және металлургия кәсіпорындарындағы қауіпсіздік пен құтқару қызметіне жауап береді.

Кен мен темірге бай Шығыс Қазақстан облысында бұл қызмет аясының еліміздің басқа өңірлерінен әлдеқайда ауқымды екені түсінікті. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің "Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі" ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ел көлеміндегі ең ірі филиал болып табылады. Оның құрамындағы 3 апаттық құтқару жасағының әрқайсысында 3 жедел әскерилендірілген тау-кен взводы бар.

- 85 жыл қатарынан біз апаттық құтқару қызметін жүргізіп келеміз, - дейді мекеме директорының орынбасары Владимир Трофимов. - Бізге республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінбейді. Кәсіпорындармен орнатылған келісімшарттар арқылы өз-өзімізді қаржыландырып тұрамыз. Филиал 2015 жылы Лениногор және Ертіс әскерилендірілген тау-кен құтқару жасақтарының қосылуымен ашылған.

2017 жылдың қорытындысы бойынша филиал бөлімшелері 36 апаттық-құтқару жұмысын жүргізген. Қызмет көрсетілетін нысандарға 3 мәрте және төтенше жағдай бойынша 3 рет жедел көмек көрсетілген. Жүргізілген жұмыстар барысында 967 адам эвакуацияланып, 12 адамға медициналық көмек жасалған. Қазіргі таңда мекеме Өскемендегі ең ірі "Қазмырыш" зауытында газ апатынан құтқару бөлімін ашып отыр.

- Бүгінгі таңда адамдар өрт және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызмет кешенін ұйымдастырғысы келеді, - дейді Владимир Трофимов. - Біз "Қазмырыш" ЖШС-мен барлық қызметке жауап беретін толыққанды бөлім ашу туралы келісімге келдік. Енді өскемендік металлургия кешенінде альпинизм немесе цех апаттарынан құтқаруды қамтамасыз ететін қызмет болады.

Жасақтың жеке құрамы қазір өскемендік металлургия кешенінде игерілуде. Өндіріс ішінде апаттық құтқару бекеті ашылып, қызметкерлер алаңдар мен цехтерді қарауда. 

Айта кету керек, жеке шаруашылық жүргізетін мекеме қазіргі таңда "Востокцветмет" ЖШС-мен тау-кен құтқару және өртке қарсы қызмет көрсету туралы келісімге келген.  

Следующая →