Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +21°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +16°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мектеп пен аурухана сүтпен қамтылады

Мектептер мен ауруханаларға Өскемен мен Семей қаласындағы шағын сүт цехтарының өнімдері сатып алынады

Бұған биыл барлығы 1,4 млрд теңге бөлінген. 

ШҚО Ауыл шаруашылық басқармасы өңірдің екі үлкен қаласында шағын кооператив цехтар ұйымдастыра отырып, оның өңделген өнімдерін мемлекеттік сатып алу тапсырысы арқылы мектептер мен ауруханаларға тасуды ойлап отыр. 

- Облыстық ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау және білім беру басқармалары біріге отырып сүт өнімдерін сатып алу мәселесін талқыға салды. Биыл мектептер мен балабақшаларға 3,7 мың тонна сүт пен сүт өнімдері сатып алынады. Бұған 1,2 млрд теңге жұмсалады. Ал ауруханаларға 765 тонна сүт сатып әкелінеді. Оған 203 млн теңге бөлінген, - дейді ШҚО Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Асқар Жақыпов.

Басқарма мұндай бастаманы кооператив құру ісін ары қарай дамыту мақсатында жасап отыр. 
Следующая →