Дәрігерлер гепатитті қалай емдеген?
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының қатысуымен құрылған Арнайы республикалық комиссия Шолпан ауылындағы жұмысын аяқтады
Бұл комиссиямен бірге ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының комиссиясы тағы құрылған еді.
Халық «сары ауру» деп атайтын вирусты гепатиттің әлегі туралы әңгіме жаңа қарқынмен өршіді. Алғашында 12 бала ауырған деп шектелген деректің жалған екені анықталып, шатақ республикалық деңгейге көтерілді.
Комиссия жұмысы барысында Үржар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жексенбай Тлеуберлиннің вирустық А гепатитіне шалдыққандардың саны туралы нақты деректен бейхабар болып, жалған есеп көрсеткені анықталған. Яғни, бүгінгі таңда вирусқа шалдыққандардың саны - 31 бала.
Былтыр, желтоқсан айының 14-іне қараған күні 11 жастағы Шолпан ауылының тұрғыны Зарина Жәнібекова көз жұмды. Баланың вирусты гепатиттен жан тәсілім еткені туралы айтылып келді.
Жаңа жыл бастала салысымен бұл деректің шынайылығына көз жеткізу үшін редакция тарапынан ШҚО Денсаулық сақтау басқармасына сауал жолданған болатын. Шолпан ауылындағы жағдайды басқарма «Қыз баланың вирустық гепатиттен көз жұмуы анықталды» деп түсіндірді. Жауап 12 қаңтар күні келсе, 16 қаңтар күні Денсаулық сақтау басқармасы жедел жиналыс өткізіп, жаңа деректермен таныстырған еді.
Төтенше жиналысты «сасқан үйрек артымен сүңгиді» деп бағалау керек шығар. Себебі, ақпараттың анық-қанығына жеттік дей бергенде, қаза тапқан қыздың анасымен тілдесудің орайы түсті. Индира Құдайбергенқызы оқиғаны Астанадан келген арнайы комиссияның жұмысынан бастады.
Комиссия жергілікті ауруханаға келіп, барлық жағдайдың мәнін тексеріп, оқиғаның жағдайымен танысып шыққан.
Гепатиттің өршуімен бірге, дәрігерлердің де әрекеттерін айтпасқа болмайды. Ресми деректерде ақпарат қысқа айтылады, көз жұмған қыздың анасы оқиғаны өзгеше баяндайды.
Болған оқиғаға сенсек аурудың тарауына дәрігерлерді кінәлау орынсыз. Бірақ, халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру мен оның сапасы бойынша бақылау төмен болғаны анық. Индира Жәнібекова атаған ақылы қызметтердің де беті ашылған. Бұл туралы ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова аталған тақырып бойынша өткен жиналыс барысында айтып өтті.
Санитарлық, диагностика мен ем хаттамаларын, есептік тіркеу құжаттамаларын жүргізу талаптарында жіберілген құқықбұзушылықтар үшін Үржар аудандық орталық ауруханасының жауапты қызметкерлеріне қатысты шаралар қолданылатын болады.
Следующая →

- Патологоанатомиялық сараптама және зертханалық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 11 жастағы қыз баланың бауыр некрозы мен сепсистен көз жұмғаны белгілі болды. Бұл дерттің вирусты А гепатиті ауруына қатысы жоқ, - деді жиналыс барысында басқарма басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова.
Төтенше жиналысты «сасқан үйрек артымен сүңгиді» деп бағалау керек шығар. Себебі, ақпараттың анық-қанығына жеттік дей бергенде, қаза тапқан қыздың анасымен тілдесудің орайы түсті. Индира Құдайбергенқызы оқиғаны Астанадан келген арнайы комиссияның жұмысынан бастады.
- 3-4 күн бұрын Астанадан келген комиссия сараптама нәтижелерін алып кетті. Гепатиттің бірнеше түрі болатыны белгілі. Негізінен Зарина вирусты Е гепатитінен көз жұмған деген жорамал айтылуда. Не болса да, мамандар қызымның сары аурудан көз жұмғанын мойындап отыр, - дейді Индира Жәнібекова.
Комиссия жергілікті ауруханаға келіп, барлық жағдайдың мәнін тексеріп, оқиғаның жағдайымен танысып шыққан.
- Алғашқы рет айтылғандай, 12 баланың дерті расталса, жалпы 49 бала гепатитке күдікті болған, - дейді Индира Жәнібекова. - Дәрігерлер бұл балаларды 3 топқа бөліп қараған. Яғни, сары ауруға шалдыққандар, шалдықпағандар және күдіктілер деп бөлінген. Сары ауруға шалдықпаған деп танылған бір бала инфекциялық ем алса да, ата-анасы бұл тұжырымға күдіктеніп, Аягөз ауданының ауруханасында ақылы түрде тексеруден өткен. Ол жерде баланың сары ауруға шалдыққаны расталған.
Гепатиттің өршуімен бірге, дәрігерлердің де әрекеттерін айтпасқа болмайды. Ресми деректерде ақпарат қысқа айтылады, көз жұмған қыздың анасы оқиғаны өзгеше баяндайды.
- Қызымды ауруханаға әкелгенде дәрігерлер «балаларды әкелмеңдер, ол гепатиттің жеңіл түрі» деп айтқан, - дейді Индира Құдайбергенқызы. - Осыдан кейін балаларға система салып берді. Бұл системаларды өз қаражатымызға сатып алған едік. Дәрі қабылдасақ та 3-4 күннен кейін қызымның дәретінен сары аурудың белгілері біліне бастады. Мұны медбикелер ескермеген, тіпті, үйімізге келіп қарамаған. Жан сақтау бөліміне алып келгенше, баламыз «сап-сары» болып кеткен. Мұны көрген дәрігерлер «қайда қарап жүрсіңдер» деп ұрысты. Ал осыған дейін айтып жүрген сөздерін ресми түрде растамады.
Болған оқиғаға сенсек аурудың тарауына дәрігерлерді кінәлау орынсыз. Бірақ, халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру мен оның сапасы бойынша бақылау төмен болғаны анық. Индира Жәнібекова атаған ақылы қызметтердің де беті ашылған. Бұл туралы ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова аталған тақырып бойынша өткен жиналыс барысында айтып өтті.
- Комиссия жүргізген жұмыстар барысында Шолпан ауылының тұрғындары кәмелетке толмаған балаларды Үржар аудандық АОА инфекция бөліміне жеткізу үшін және дәрілік заттарды сатып алуға науқастардан қаржы алынғаны туралы шағым айтқан, - дейді Әсем Бекқызы. - Көз жұмған қыздың ісіне қатысты толық қорытынды ІІБ тергеу шараларынан соң айтылады.