Өскемендегі трамвай қашан тоқтайды?
Жуықта «Шығысэнерготрейд» ЖШС компаниясы трамвай паркінің электр қуатына шектеу қоятыны туралы хабарлаған
Қарызға белшеден батқан парктің жұмысы бір күнге тоқтап та қалған еді. Келесі шектеу 23 қаңтарға белгіленсе де, атаулы күн таяғанда қала билігі брифинг ұйымдастырып, шектеудің 16 ақпанға шегерілгенін мәлімдеді.
Былтыр жыл көлемінде трамвай паркінің мәселесі басты назарда болып келді. Вагондардың тоқтау-тоқтамауы жұртты елеңдеткені белгілі. Бірақ осы күнге дейін әне-міне деген сұрақтың жауабы табылмады. Қаладағы ең ірі кәсіпорындарды байланыстырып тұрған күре темірлердің бос қалатын күніне қала билігі сақадай сай отыр.
Конференция барысында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ержан Қоңырбаев энергиямен қамтамасыз етуші ұйыммен электр қуатын беруді тоқтатуды шегеру туралы келісімнің бар екенін айтты. Дегенмен «Шығысэнерготрейд» ЖШС бұл ақпаратты растамады.
Трамвай паркі де бұл мәселелерді елемей отырған жоқ. Жуықта парк жаңа вагондар сатып алатынын мәлімдеген. Бірақ бір беларусь вагонының өзі 40-45 миллион теңге тұрады.
ШҚО Жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтановтың айтуынша, трамвай паркінің акциялары саудаға шықса «Ертіс» ӘКК ҰК АҚ компания активтерін сатып алуға дайын. Айта кету керек, қазіргі таңда трамвай паркіне қатысты екі іс сот шешімін күтуде. Бұл үрдіс аяқталмайынша қала билігі ешқандай шараларға жүгіну мүмкін еместігін айтады.
Трамвай паркінің директоры Анатолий Успенский облыс орталығындағы рельстік көлікті тоқтатпау үшін қолынан келгенше тырысып жатқанын хабарлады.
Следующая →

- Жылына 5,5-6 миллион адамды тасымалдайтын трамвай паркінде 212 адам қызмет етеді, - дейді Ержан Қоңырбаев. - Алғашқы сәттері бұл вагондардың саны 25 болды. Кейін 15-тен 11-ге дейін төмендеген. Қазіргі таңда бұл кәсіпорынның электр қуаты үшін қарызы 69 миллион 597 мың теңгені құрайды. Тек бұл емес, сонымен қатар жылу үшін - 2 миллион теңгеден астам, су үшін 299 мың теңге қарызы бар.
Трамвай паркі де бұл мәселелерді елемей отырған жоқ. Жуықта парк жаңа вагондар сатып алатынын мәлімдеген. Бірақ бір беларусь вагонының өзі 40-45 миллион теңге тұрады.
- Тұрғындар алаңдамауы керек. Қосымша автобустар дайын және қажетті жағдайда бірден маршрутқа қосуға дайынбыз. Трамвай паркі «Шығысэнерготрейд» ЖШС алдындағы қарызын өтеуде. Бірақ қарызды жапқан сайын, трамвайлар пайдаланатын энергия көлемі төмендемейді. Қарыздың көлемі осылайша азаймай отыр, - дейді Ержан Смағұлұлы.