Усть-Каменогорск
облачно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +8°
  • Нур-Султан (Астана)
    +11°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +7°
  • Кокшетау
    +13°
  • Костанай
    +14°
  • Кызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +12°
  • Уральск
    +8°
  • Шымкент
    +15°
$
479.23
+0.69
534.96
+1.20
¥
68.35
+0.10
5.16
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Әуезовке қатынайтын жол жөнделмек

Жарма ауданындағы Әуезов кенті мен Шар қаласы арасындағы көлік жолы жөндеуден өтпек. Қуанышты жаңалықты ауыл тұрғындары да күтіп жүрген еді

Кеңес кезінде салынған жолға тәуелсіздік жылдары тек бір рет қана жөндеу жүргізілген. Бірақ қазіргі уақытта жолдың тозып тұрған жағдайы бар. Жарма ауданына «Бақыршық тау-кен өндіру» кәсіпорны инвестиция құя бастағаннан бері Әуезов кентінің әлеуметтік жағдайы жақсарып, халық саны өсе түскен. Ал жанданып жатқан, аумағында еліміздің ең ірі кәсіпорындарының бірі орын тепкен ауылдың қатынассыз құр отырғаны ауданға да, облысқа да сын.

Сондықтан аталған жол телімін жөндеуді ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өз қарамағына алған.

- Бақыршық алтын өндіру кәсіпорны жазда өзінің кен-байыту фабрикасын ашып, мың адамды жұмыспен қамтымақ. Әуезов кентінің өзінде мыңнан аса адам тұрады, Шалабай кентінде де мыңға жуық адам қоныстанған. Жұмысшылар мен халықтың барлығы Шар ауруханасына бару үшін осы жолмен қатынайды. Сол себепті бұл жолды жөндеудің қандай маңызды екенін облыс әкіміне жеткізген едім. Аймақ басшысы Әуезов ауылы мен Шар қаласы арасындағы жолды жөндеуге рұқсатын берді, - дейді Жарма ауданының әкімі Нұрлан Батташұлы.

Бұл жолдың бойында Шалабай, Черниговка сынды ауылдар орналасқан. Әрі ауылдың тұрғындары да Семей мен Алматыға қатынау үшін Шар қаласы арқылы республикалық тас жолға шығады. Сондықтан тұрғындар жол қалыпқа келсе, Семейге қатынау жеңіл болатынын айтып отыр.

- Шарға дейінгі жол 40 шақырымнан асады. Алайда оған жету үшін бір сағат уақытың кетеді. Қарт адамдардың қатынауына мүлдем ыңғайсыз. Жол соғып, адамдардың мазасы қашады. Жол жөнделсе, халықтың да қатынауы жақсарар еді, - дейді Әуезов кентінің тұрғыны Разия Бекишева.

Оның үстіне, Бақыршық кәсіпорнының кен-байыту фабрикасы ашылған соң, өнімдерді тасымалдау жиілемек. Ал темір жол Шар қаласы арқылы өтеді.

ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы аталмыш жолды жөндеуге 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалатындығын жеткізді.

- 38,7 шақырымды құрайтын «Шар-Әуезов» автожолына орташа жөндеу жүргізіледі. Оған 1026,1 млн теңге жоспарланған, - дейді басқарма басшысы Мұрат Мұсабаев.

Жарма ауданының басшылығы алдағы уақытта Әуезов кентіндегі Бақыршық орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу мен спорт кешенін салуды ойлап отыр. 

Следующая →