Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Заңсыз пиротехника сатқандар қалай жазаланады?

Жаңа жылда пиротехника саудасы қыза түседі. Құдды бұл мереке кәсіпті жүргізу мен сауда-саттықты арттыру үшін ойлап табылған мейрам сынды көрінеді

Әйтеуір, адамдар да қанша қымбат әрі қауіпті болса да, отшашу мен салют сатып алуды тоқтатар емес. Ал заңда бұл тауарларды сатуға шектеу қойылған.

Басқа мерекелерде мекемелерінде тыныш қана отыратын полицейлер мен төтенше жағдай инспекторлары Жаңа жыл кезінде дабыл қағып, көше аралауды бастайды. Қазір полицейлер мен инспекторлар көше мен базар бойын жағалап, пиротехникалық тауарлардың сақталуы мен сатылуын қадағалап жүр.

Ал ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, былтыр пиротехникалық заттардан жарақат алған, өлім құшқан адамдар жоқ. Сонда да департамент инспекторлары рейдті тоқтатар емес. Өйткені пиротехникалық заттарды дұрыс сақтамайтын саудагерлер бар.

- Қазақстан Республиканың пиротехникалық бұйымдарды қолдану мен сатуға арналған арнайы шешімі бар. Ол бойынша пиротехникалық бұйымдар сақтайтын орын құрғақ, жарықтан алыс, күн түспейтін жер болуы тиіс. Ал ол аумағы кең, маңайы адамдар жүріп-тұратындай ашық, өрт дабылы мен от сөндіру құралдары бар орында сатылғаны дұрыс. Әрі олар бір-бірден қойылып сатылады. Витринада тұрған заттар сатып алушыға толықтай көрініп тұрғаны жөн. Өйткені тұрғын оның құрамы мен сапасын анық аңғаруы шарт. Алайда пиротехникалық заттар адамның қолы жететін жерден алыс тұрғаны да дұрыс. Ең бастысы жазуы көзге көрінетіндей болса болды, - дейді ШҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Амангелді Шегетаев.

Ал «ату құралын» сатып алған тұрғындар оны ғимарат пен құрылыс нысандарынан 50 метр қашықта тұрып тұтатқаны жөн. Егер жел соқса, онда атпауы керек.

Ендігі мәселе - бұл пиротехникалық заттарды заңсыз сату. Әдетте, мұндай әккі саудагерлер мемлекетке ешқандай салық төлемей, көшеде, бұрышта тұрып, кейде тығылып сауда сатады. Мәселен, былтыр пиротехникалық заттарды заңсыз саудалаған 23 азамат ұсталып, оларға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Биылғы жылы бұл қулардың жолы бола қоймас. Өйткені полиция рейд бастады.

- 2017 жылдың 19 желтоқсанынан бастап 2018 жылдың 3 қаңтарына дейінгі аралықта мереке және жаңажылдық мейрам күндері қарсаңында заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық бұйымдарды әкелу, сақтау, сату тәртібінің сақталуын қадағалау мақсатында облыс аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілетінін хабарлаймын, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

Ал Өскемен қаласының полицейлері 14 желтоқсан күні «Заречный» базарының саудагерлерін тексеріп шыққан. Өйткені бұл базардың ішінде пиротехникалық заттарды сатуға болмайды. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы заңсыз пиротехника сатқан бірде-бір саудагердің ұсталмағанын хабарлады. Рейд қаңтарға дейін жалғасады әрі полицейлер көшеге апта сайын шығып отырмақ.

- Азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу жөнінде жауапкершілік ҚР-ның әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 483-бабында қарастырылған. Ол бойынша азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркіленіп алынады әрі айыппұл салынады. Мәселен, жеке тұлғаларға - 5, шағын кәсіпкерлерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 10, орта кәсіпкерлерге - 15, ірі кәсіпкерлерге 45 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады, - дейді полицейлер.

Ал сауда жасауға тыйым салынған жерлерде шектеуі бар немесе өзге де тауарларды сатқаны үшін 25 АЕК бойынша айыппұл салынады. 

Следующая →