Усть-Каменогорск
малооблачно
+15°
  • Усть-Каменогорск
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +15°
  • Кокшетау
    +15°
  • Костанай
    +14°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Уральск
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-дағы әскери бөлімде неке қиылды

Облыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінде тұңғыш рет неке қию салтанаты өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5518 әскери бөлімінде тұңғыш рет неке қию салтанаты өтіп, жас офицер отбасын құрды. Әскери бөлімнің лейтенанты Нұрсұлтан Мырзабеков пен Айгерім Тоқтарбекованың қуанышына 500 әскери қызметкер мен қос ғашықтың ата-анасы куәгер болды.

- Мұндай салтанатты кешті қоғамда отбасы құндылығын дәріптеу мен келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскерилерді жанұя құруға ынталандыру үшін өткізіп отырмыз, - дейді мекеменің баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Аменгелді.

Ұлттық гвардияның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бас қолбасшысы генерал-майор Талапкер Амриевтің өзі келіп ерлі-зайыптыны құттықтап сөз сөйледі.

- Кеңес кезіндегі офицерлердің көбі әскери бөлімге келіп неке қиятын. Кейінгі жылдары бұл дәстүрден айырылып қалған едік. Алайда «Шығыс» әскери қолбасшылығы бұл игі бастаманы қайта қолға алып отыр, - деп атап өтті Талапкер Амриев.

Жас лейтенант Нұрсұлтанның өзі - әскери жанұядан тәрбие алып шыққан азамат. Әкесі полковник Болат Мырзабеков - қазақстандық жас сарбаздарды дайындай отырып, қиын-қыстау кезде Қазақстанның ішкі әскерін жасақтап шығаруға зор үлес қосқан қызметкер.

- Менің мойныма үлкен міндет жүктелді. Өзімнің қуанышымды әскери бөлімдегі отандастырыммен, қызметтес әріптестеріммен бірге атап өтіп отырмын. Бүл күн есімде мәңгі қалады, - дейді жас лейтенант Нұрсұлтан Мырзабеков.

Жас лейтенант 2016 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы әскери институтты бітіріп келген. 

Следующая →