Бюджет қаржысы тиімді жұмсалмаған
Мемлекеттік аудит қызметі облыс мекемелерінде қаржының тиімді жаратылмағанын айтып отыр
Мемлекеттік мекемелердегі бюджет қаржысын жұмсау мен реттеудің, оның құжаттамалық негізінің қаншалықты дұрыс жүргізілгеніне тексеріс жасайтын мемлекеттік аудит қызметі облыс мекемелерінде қаржының тиімді жаратылмағанын айтып отыр.
Аудит қызметі он бір ай бойы 47 мекемеге тексеріс өткізіп, 50 млрд теңгеге тең соманың қалай және қайда жұмсалғанын анықтап көрген. Нәтижесінде 8,5 млрд теңгенің талапқа сай жұмсалмағаны анықталған. Әсіресе, мемлекет ақшасын тиімді жұмсамау, мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізбеу, мекеменің қарауына берілген ғимарат пен алаңды заңсыз жалға беру, артық дәрі-дәрмек сатып алу, білім беру саласында мемлекеттік тапсырысты негізсіз реттеу сынды заңбұзушылықтар табылған. Былықшылық мұнымен тоқтап қалмайды.
- Оның ішінде 2,1 млрд теңге қаржы тиімді жұмсалмаған болса, 6,4 млрд теңгенің бухгалтерлік есебі дұрыс жасалмаған. Бухгалтерлік есеп қате, жөнсіз толтырылып, жоспарлау құжаттары теріс, сапасыз жазылған. Кадр бөлімі қызметкерлердің еңбек өтілін дұрыс есептемеген. Ал кейбір басшылар өзіне тиесілі басқару міндетін толық атқармай, жауапкершіліктен қашып отыр, - дейді ШҚО әкім аппараты басшысының орынбасары, мемлекеттік аудит қызметінің басшысы Анна Грищенко.
Қаржыны оңды жұмсамаған, оның құжаттарын дұрыс реттемеген жеті лауазымды қызметкер сомасы 5,1 млн теңгеге тең айыппұл төлеп құтылса, төрт қызметкер жұмыстан босаған.
Облыста аудит қызметі сапалы тексеріс жүргізгені әсер етті ме әлде облыс мекемелері көп қателік жібере ме, белгісіз, алайда Шығыс Қазақстан елдің өзге өңірлерімен салыстырғанда қаржылық құжаттамалық жұмыста көп қателік жіберетін аймақ саналып отыр. Өйткені биылғы жылы алғашқы тоғыз айдың ішінде облыста 5,2 млрд теңгеге тең заңбұзушылық орын алса, Оңтүстік Қазақстанда 5,3 млрд теңге, Қызылордада 2 млрд теңге, Павлодар облысында 1 млрд теңгеге тең заңбұзушылық табылған.
Құжатта кеткен қателіктерді реттеу үшін облыс әкімі Даниал Ахметов аудит қызметіне жөнсіздіктер жөнінде мекеме басшыларын жинап алып, түсіндірме жүргізуге тапсырма берді.
- Ол үшін аудит қызметіндегі мамандардың санын көбейтіп, тексерісте табылған ең басты қателіктерді сараптау қажет. Сол бойынша басшылардың басын қосып түсіндіріп, келесі жолы бұл қателіктерді қайталамайтындай деңгейге жетуіміз керек, - деді Даниал Ахметов.
Қазіргі уақытта облыстық аудит қызметінде 12 адам жұмыс жасайды. Алда олардың саны артпақ. Ал шенеуніктерге арналған аудит оқыту жылына төрт рет жүргізілмек.
Следующая →