Усть-Каменогорск
малооблачно
+20°
  • Усть-Каменогорск
    +20°
  • Алматы
    +25°
  • Нур-Султан (Астана)
    +22°
  • Актобе
    +30°
  • Форт-Шевченко
    +29°
  • Атырау
    +31°
  • Караганда
    +20°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +24°
  • Кызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +26°
  • Уральск
    +24°
  • Шымкент
    +31°
$
449.76
+1.64
483
+1.90
¥
62
+0.17
5.05
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ата-аналардан қаржы жинау заңға қайшы

Жаңа жыл қарсаңында мектептерде сыйлық жасау мен шырша орнатуға ата-аналардан қаржы жинау басталады

Ал облыстық білім беру басқармасы мектепте мәжбүрлі түрде қаржы жинауға тыйым салынғандығын айтады.

Әсіресе, Жаңа жыл мерекесі мен Наурыз мейрамы кезінде бей-берекет ақша жинау етек алады. Білім басқармасына мектептерде рұқсатсыз ақша жиналғаны жайында көп шағым түскен. Оның үстіне, бұл жыл сайын көтерілетін мәселе. Сондықтан басқарма да ата-аналар мен оқушыларды, мектеп қызметкерлерін құлағдар ету үшін мәжбүрлі түрде қаржы жинауға тыйым салып отыр. 

- Егер мектепте жаңажылдық сыйлықтарды сылтау етіп, мәжбүрлі түрде қаржы жиналатын болса, онда Білім беру басқармасының желісі 701-828 телефонына не ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне, прокуратураға хабарласып, көмек сұрасыңыз болады, - дейді ШҚО Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Әсел Қайырбекова.

Егер ата-ана балалардың мерекелік көңіл-күйін түсірмей, қосымша қаржы жинап, уақытты қызықты өткізгісі келсе, құба-құп. Мұны мектептегі ата-аналар комитеті шешеді. Алайда амалсыз ақша жинатуға құқық жоқ. Олар өзара ақылдаса отырып, жаңажылдық сыйлықтар мен шырша сатып алуға келіссе болады. Өйткені мерекелік шараларды өткізуге білім басқармасынан қаражат бөлінбейді, тек мектептің жөндеу жұмыстарына, материалдық базасы мен ұстаздардың еңбекақысына ғана бөлінеді.  
Сонымен қатар, ата-аналар мен оқушылар мұғалімдер мен директорларға сыйлық жасамауы тиіс. Өйткені бұл жемқорлық болып табылады. Егер сыйлық берілсе, ол 5 АЕК-тен аспауы керек әрі оған арнайы құжат толтыру да артық етпейді. Олай болмаған жағдайда мұғалімге ескерту беріліп, жаза қолданылуы мүмкін. 

Сыйлықтардың арасында гүл шоғын беру жемқорлыққа жатпайды. Сол себепті сыйлы ұстазға гүл ұсынып, құрмет көрсетуге болады.  

Ал оқушылар мен мұғалімдер мектептен тыс жиналып, бірге уақыт өткізуге тыйым жоқ. Тек мұғалім балалардың қауіпсіздігін өз мойнына алуы керек. 
Следующая →