Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +21°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +16°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бесқарағай ауданына жаңа әкім тағайындалды

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің өкімімен Бесқарағай ауданы әкімі лауазымына Дәулет Батырбаев тағайындалды  

Ол бұған дейін Ұлан ауданын басқарған болатын.

Жаңа басшыны аудан активіне ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов таныстырды.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, Дәулет Батырбаев 1976 жылы 7 шілдеде Семей қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Семей мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есепке мамандандырылған экономист», 2001 жылы Новосібір гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдады. 

Еңбек жолын 1998 жылы Семей қаласында Новосібір гуманитарлық институтында әдіскер болып бастады. Бірнеше жыл «Азия» Фирма ЖШС брокер, директор, сонымен қатар, жеке кәсіпкер болып еңбек етті. 2009 жылы мемлекеттік қызметке өтіп, Өскемен қаласы кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінде бас маман міндетінен бастады. 2010 жылы облыс орталығының Меновное ауылдық округі әкімінің орынбасары болды. Кейін бір жыл ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бөлім басшысы қызметіне ауысты. 2012 жылы Ұлан ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімнің басшысы, сол жылдың шілде айында Ұлан ауданы әкімінің орынбасары қызметіне ауыстырылды. Бұл лауазымда 4 жыл бойы еңбек етті. Ал 2016 жылы қаңтарда Ұлан ауданы әкімі болып тағайындалды.
Следующая →