Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейдегі әуежай ғимараты жөнделмек

Семей қаласындағы әуежай көз көрместей өзгеріп, халықаралық үлгіге сай жөнделеді. Өйткені аумағы жағынан елдегі ең үлкен әуежайлардың бірі саналады

Алайда нысанға ұзақ уақыт бойы көңіл бөлінбей келді.

Қалада биылдан бастап әуежайдың ұшып-қону жолағы жөнделе бастаған еді. Қазіргі уақытта ұшу жолағы салынып бітті. Алайда жөндеу жұмысы мұнымен тоқтап қалмайды. Енді ғимараттың іші де жөндеуден өтпек. Бұл жайында облыс әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына барған жұмыс  сапары барысында айтты.

- Әуежай көз көрместей өзгереді, көрікті орынға айналады. Ауданы үлкен болғанымен, технологиясы жағынан әлсіз әуежай болатын. Біз жөндеуді әлі жалғастырамыз, халықаралық әуежай стандарттарына сай жабдықтар қойып, ғимарат ішіндегі артық дүңгіршек, бөлік-бөлмелерді алып тастап, бірыңғай алаңға айналдырамыз, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Әуежай ғимаратын таныстырған облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әуежайдың екі бөліктен тұратындығын айтты.

- Оның бірі халықаралық рейс залы болса, екіншісі қалааралық ұшу залы. Бірінші бөлікте төлқұжаттық бақылау, кедендік бақылау, санитарлық бақылау орындары, күту залы мен рейске шығу жағы орналасқан. Ал екінші бөлікте тіркеу бөлімі, төлқұжаттық бақылау, күту залы және рейске шығу жайы жасалған, - дейді басқарма басшысы Мұрат Мұсатаев.

Қазірдің өзінде әуежайда 157 бөлме бар. Ал жоба бойынша, жөндеу жұмыстары 2018 жылдың маусым айында аяқталмақ.
Следующая →