Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +21°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +16°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ескі колония полиция құзырына берілді

Бұрынғы ОВ 156/13 түзеу мекемесі жөндеуден өткізіліп, тәртіп сақшыларының тәжірибесін арттыруға арналған алты күндік оқу-дайындық базасына айналды

Облыс әкімі жаңа нысанның қазіргі күйімен танысып, құқыққорғаушылардың техникамен жабдықталу деңгейіне баға берді. Айта кету керек, республика бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы полиция қызметкерлерінің көлікпен және техникалық құралдармен жабдықталу деңгейі алдыңғы орында.

- Осы жылдың ішінде Ішкі істер департаментіне қосымша 3,5 миллиард теңге бөліп,  267 арнайы жеңіл көліктер, 10 автобус алдық, - деп атап өтті облыс әкімі Даниал Ахметов. - Келесі жылы дәл осындай мақсатта бюджеттен қомақты қаражат бөлінеді. Сол сияқты сіздерге арналған жаңа үй тұрғызуды жоспарлаудамыз.

Ауқымды аумақты алатын бұл базада бірнеше мекеме орналасқан. Тәртіп сақшылары алты күн қатарынан арнайы лекциялар тыңдап, казармалық режімде арнайы тактикалық дайындықтан өтеді. Бұл мекемелер асхана, күрес залы, дене шынықтыру залы, интерактивті тир, психолог кабинеттерімен қамтылған. 

- Тұңғыш Президент күні қарсаңында оқу орталығы салынып бітті, - дейді ШҚО ІІД Арнайы дайындық басқармасының басшысы Мерхат Дүсіпов. - Бұл орталықта жедел қызмет, учаскелік полиция қызметкерлері тұрақты негізде дайындықтан өтетін болады. Келесі жылы бұл жерге әскери тир мен стадион тұрғызуды ойластырудамыз.

Осы күнге дейін оқу орталығынан 707 қызметкер дайындықтан өткен. Бекітілген кесте бойынша, аудандардан келген қызметкерлер уақытылы білім алып отырады. Бүгінгі таңда 40 қызметкер жоспарлы дайындықтан өтуде.
Следующая →