Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қазына қаражатының қалған қаржысы қайда жұмсалады?

Аудандардағы су құбырларын жөндеу мен Өскемен қаласында 1000 орындық екі мектеп салуға қосымша қаржы бөлінді

Зайсан, Катонқарағай, Аягөз, Үржар аудандарының су құбырларын жөндеу мен Курчатов қаласындағы орталық алаңды қалпына келтіруге, Өскемен қаласында 1000 орындық екі мектеп салуға қосымша қаржы бөлінді. 

Облыстық мәслихат депутаттарының кезектен тыс отырысы кезінде ШҚО Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы 2017 жылға берілген қазына қаражатының қалған қаржысы қайда жұмсалатындығын айтты. Бұл қаржы қала мен аудандарды сумен қамтуға, мектеп пен аурухана салуға жұмсалмақ. Мәселен, Семей қаласындағы жылу жүйесін қалпына келтіруге 786 млн теңге, Зайсан қаласында су құбырларын салуға 561 млн теңге жұмсалса, Аягөзге 297 млн теңге, Үржардағы Қарабұта ауылына су құбырын тартуға 100 млн теңге қосып беріледі. Ал Катонқарағай ауданына ауыз су тартуға 100 млн теңге бөлінсе, Шілікті ауылына 50 млн теңге табысталмақ. Зайсан қаласындағы М. Дәуленов атындағы мектеп-интернатының жылыту пешін ауыстыруға 67 млн теңге берілмек. 

Курчатов қаласының орталық алаңы кеңес кезінен бері жөндеу көрмеген еді. Бұл алаңды жөндеуге де 147 млн теңге бөлінгелі отыр. Ал Өскеменде Ахмер кенті мен №19 шағын ауданда мың орындық екі мектеп салуға 209 млн теңге қаржы есептеліп берілді. 

- Бөлінген қаржының барлығы жылдың соңына дейін игеріледі. Өйткені аталған нысандардың құрылыс жұмыстары басталып қойған, - деді сөз соңында басқарма басшысы Алмасхан Сматлаев.

Айта кету керек, жоғарыда аталған нысандарды салу мен қалпына келтіру бастамасын облыстық мәслихат депутаттары көтерген болатын. Ал экономика басқармасының басшысы депутаттардың бастамасын жерге қалтырмай, кейбір нысандарға қаржы бөлуге атсалысқан.
Следующая →