Рүстем Есдәулетовтің есімі ұлықталды
Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында ақын, кино және театр актері, режиссер, драматург Рүстем Есдәулетов мүйісі ашылды
Саналы ғұмырында артына өшпес із қалдарған өнер иесінің өмірінен сыр шертетін ескерткіш театр төрінен орын алды.
- Шығыстан шыққан жарық жұлдыз Рүстем Есдәулетов қазақ драма театрының кәсіптік деңгейге өсуіне үлкен үлем қосқан азамат еді, - дейді драма театрдың директоры Дінмұхаммед Мамырханұлы. - Осыған орай бүгін театрда оның атына ескерткіш мүйісін ашу туралы шешім қабылданды.
Ескерткіштің ресми салтанатты ашылуында Рүстем Оразбайұлының әпкесі Бағдат Есдәулетова мен шығысқазақстандық ақын Әлібек Қаңтарбаев лента қиды.
- Өзінің кәсіби мамандығын жетілдірсем, өсірсем деген оймен жүрді, - дейді Рүстем Есдәулетовтің әпкесі Бағдат Есдәулетова. - Ол маған түбінде Голливудқа жетемін дейтін.
Кештің шымылдығын Жастар театрының актерлері Рүстем Оразбайұлының өлеңдерімен түрлендіріп, оның ақындық қырын жан-жақты таныстырып өтті.
Кеш соңында қазақ драма театрының дарынды режиссерін танытқан «Атымды адам қойған соң...» қойылымы көрсетілді.
Бұл спектакль Абай Құнанбаевтың «Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын» атты шығармасына негізделіп жазылған. Психологиялық қойылым бүгінгі таңда талайлардың жүрегінен орын алып, республика көлемінде кең жарияланған.
Следующая →