Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ауданда айтыс өнерін дамытпақ

Зайсан ауданынан шыққан ақындар аз. Шығыстың айтыскерлерінің көбі Аягөз, Тарбағатай ауданы, Семей қаласынан шыққан

Сондықтан айтыс өнерінде Зайсанның атын шығарар ақындар керек.

Осындай оймен Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен Х. Мұстафина атындағы мектеп басшылары бірігіп, аудандық оқушылар айтысын өткізіп, топ жарған жас үміткерлерді дайындайтын суырып салма ақындар үйірмесін ұйымдастыруды көздеуде. Аталған ойдың бастамашысы ішкі саясат бөлімі маманы Гүлден Сайранқызы мен Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейдің оқу ісі меңгерушісі Қарлығаш Бақытбекова болып отыр. 

- Ауданда айтыс өнерін дамытуымыз қажет. Жазба ақындар болғанымен, айтыс ақындары аз. Тәуелсіздік күніне орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық оқушылар айтысын өткізе отырып, үздік оқушыларды іріктеп алып, оларды облыстық, республикалық айтыстарға қатысуға баулымақпыз. Өлеңнің қыр-сырын, ұйқас мәнері мен айтысу мақамын, оның технологиясы мен көркемдік нақышын балаларға үйреткіміз келеді. Талантты балалар меңгерген әдісті ұмытпай, оны дамыта алады, - дейді Гүлден Сайранқызы.

Ал таңдалған оқушыларды ауданның айтыскер ақыны, тілші Еркебұлан Зағыпаров пен айтыс өнерінен хабары бар Гүлден Сайранқызының өзі дайындамақ. 
- Мүмкіндік болса, оқушылардың айтысқа киетін костюмдерін тігіп беруге де демеушілер іздейміз, - деп толықтырды Гүлден Сайранқызы.

Ал оқу ісі меңгерушісінің сөзіне сүйенсек, мектеп-лицей былтырдан бастап «Мұрагер» бағдарламасы бойынша ұлттық музыка үйірмелерін ұйымдастырып, домбыра мен қобызда ойнайтын балалардан оркестр құрған. Қобызда 12 оқушы ойнаса, домбыраны 22 бала шертеді. Яғни, бір мектептің өзі ғана қажет кезде 34 баладан құралған оркестрді алаңға шығарып, домбырада ойната алады. 
Следующая →