Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Облыста 340 кооператив құрылды

Ағымдағы   жылдың  он айында  ауыл  шаруашылық  азық-түліктері  365 млрд  теңгені  құраған

Тауар өнімінің және азық-түлік өңдеу өнеркәсібінің көлемі 115 млрд теңгеден артады деген болжам бар.

Мал шаруашылығына келгенде, барлық малдар мен құстардан өндірілген ет көлемі 260 мың тоннаны, сүт өнімі 870 мың тонна, жұмыртқа өнімі 150 млн дананы құрайды. Ағымдағы жылы облыста 9,4 млрд теңгеге 56 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Агроөнеркәсіпті дамытуға барлығы 18 млрд теңге субсидия бөлініп, жыл соңына дейін толық игерілген.

- Ауылшаруашылық азық-түліктерін өндірумен қатар, Агроөнеркәсіпті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылық кооперацияларын дамыту көзделген, - дейді ШҚО Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Асқар Жакупбаев. -  Бұл үрдіске кіші және қуаты төмен шаруа қожалықтары тартылады. Мысалы, биыл 340-тан астам кооперативтер құрсақ, олардың ішіне 16 мың ауыл адамы кіреді. Базалық 46 пилоттық кооперативтердің ішінде 34-і сүт және 18-і ет өндіру бағытында.

Айта кету керек, оларды жабдықтауға толық игерілген 2,1 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие берілді. Сонымен қатар, қаржылық қолдау қорының жарғылық капиталы негізінде 653 млн теңге несие беріліп, игерілді.

-  Қазіргі таңда бұл кооперативтермен оқыту жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда аяқтарынан тұрып, өнімін бере бастады. Бізбен күзде құрылған кооперативтер 6,5 мың тонна сүт өндірсе, 1100 тонна ет, өндірді, - дейді Асқар Шакенұлы.

Ауылшаруашылығы саласындағы тұрғындар 2003 жылдан бері субсидия алып келеді. Соңғы жылдары бағдарламаға өзгерістер енгізіліп, ауылды-ауылда кооперативтер құрылып, субсидия алу мүмкіндіктері артқан. Биылғы жылы малды асылдандыру жұмыстарына 7,4 млрд субсидия төленді. Ал арзандатылып берілген несие көлемі 3,5 млрд-ты құраған.
Следующая →