Қытай инвесторына Үржардан жер бөлінуі мүмкін
Үржар ауданынан Қытай инвесторларына күнбағыс өсіру үшін 50 мың га жер берілуі мүмкін
Ал инвестор болса, облыс басшылығымен бірлесе отырып күнбағыс өңдейтін зауыт салып, оның өнімдерін Үрімшіде сатпақ.
Облыс әкімі Даниал Ахметов Зырян ауданына жұмыс сапары барысында күнбағыс майын тек Қытайға ғана экспорттайтын зауыт салатындығын айтқан болатын. Зырян, Шемонаиха, Бородулиха аудандары күнбағыспен айналысады. Ал олар көп өнімін шикізат түрінде Ресейге жіберетін. Өскеменде зауыт салып әрі оның өнімін тек Қытайға ғана сату арқылы мол табысқа жетуге болатындығын ескерген облыс басшысы бұл идеяны жүзеге асыруға шындап кіріскен көрінеді.
Өйткені облыс әкімі 21 қараша күні Қытайдың ірі инвестициялық құрылыс компанияларының бірі CITIC Construction өкілдерімен кездесу барысында облыста күнбағыс өңдейтін зауыт салу туралы ой айтты. Қытайлық инвестор алдымен облыста жоңышқа сынды өзге де дәрілік өсімдіктердің жақсы өсетіндігін тілге тиек ете отырып, аймақ басшысынан аталмыш шөптерді егуге арналған жер телімін бөліп беруді сұрады. Ал облыс басшысы мұның орнына күнбағыс өсіруге арналған жер телімін бөліп беруге әзір екендігін жеткізіп, қытайлық тарапқа май өңдейтін зауыт салып беруге талап қойды. Бұған Қытай инвесторы келісім берді.
- Облыста 360 мың гектар күнбағыс егістігі бар. Қажет болса, күнбағыс алқабын 400 мың гектарға дейін кеңейте аламыз. Үржар ауданынан тағы да 50 мың га жер телімін зауыттың пайдалануына бере отырып, шикізат тапшылығын толықтай жоюға болады. Яғни, зауытқа үнемі шикізат тасымалданып отырады. Ал Ресейге жіберілетін шикізат көлемі азайтылады, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Қытай компаниясы зауытты жаңадан салып қана қоймай, оның өнімдерін Үрімші аймағында сатуға да көмектеспек. Ал Қытай инвесторларына бөлінетін жер телімі Үржар ауданынан берілетіндіктен, зауыт та осы ауданда салынуы мүмкін. Ал күнбағыс майы «Мақаншы-Бақты» тас жолы арқылы Қытайға жеткізіледі.
Дегенмен, облыс басшылығы зауыт салынатын ауданды әлі де ойластырып көрмек. Өйткені күнбағыс егістігі облыстың Ресеймен шекаралас аудандарында көп өсіріледі, сондықтан зауытты Өскеменде салу тиімді болуы мүмкін. Мұндайда өнім «Омбы-Майқапшағай» тас жолы арқылы көрші елге жеткізіледі.
Следующая →