Аягөзде ет комбинаты ашылады
Семей қаласында автоматтандырылған ет комбинаты салынатыны туралы осыған дейін хабарланған
Ендігі кезекте, Аягөз қаласында да ет комбинаты жұмыс істейтін болады.
Тек бұл комбинат экспорт тұрғысында жұмыс істейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Асқар Жакупбаев мәлімдеді.
- Комбинат барлық халықаралық талаптарға сай болады, - дейді басқарма басшысы. - Құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп жоспарланған. Айта кету керек, ет комбинатының 15 пайызын австралиялық компания сатып алды. Олар өздерінің брендтік таңбаларын пайдалана отырып, келесі жылы Қытайға ет экспортын бастамақ. Ауыл шаруашылық министрлігі 20 қараша күні Бейжің қаласында ветеринарлық сертификатқа келісімнің соңғы үрдісінен өтсе, бізге ет өнімдерін экспорттауға ешқандай тосқауыл болмайды.
Бүгінгі таңда облыс әкімінің тапсырмасымен Өскемен қаласында халықаралық талаптарға жауап беріп, Қытай Халық Республикасының стандарттары бойынша жұмыс істейтін зертханада жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
- Қытайлықтар бізге 1 миллиард теңге грант бөліп, бір жыл көлемінде біздің мамандарды оқытатын болады, - дейді Асқар Шакенұлы. - Барлық зерттеу жұмыстары өңірде жүргізілсе, Қытайда тексеру жүргізілместен жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі таңда малды өсіріп, қасапшы үстеліне жеткізу үрдісін қалыптастыратын жүйені жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру жоспарлануда.
Следующая →