Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Зейнетке шығуға «асықпайды»

Облыста 2600-ге жуық әйел 2018 жылдан бастап зейнеткерлікке шығуы керек болатын. Алайда олардың көбі құжаттарын өткізбеген

Алайда зейнет жасы жақындаса да, олар тиісті мекемеге келіп, зейнетақы алуға қажетті құжаттарын тапсырмаған. 

Ал жаңа жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы жарты жылға ұзартылса, 2027 жылы 63 жас болады. Яғни, әйелдердің зейнетке шығу жасы бір жыл сайын жарты жылға ұзартылып отырмақ.  Демек, 2019 жылы әйелдер 59 жастан бастап, 2021 жылы 60 жастан бастап қана зейнетке шығады.  

Егер 1959 жылы туылған әйелдер зейнетақы алу жөніндегі құжаттарын 31 желтоқсанға дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына келіп тапсырмаса, онда зейнетақы беру 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жарты жылға дейін кешіктіріледі. Яғни, биыл құжат толтыруға кешіккен әйелдер жарты жыл зейнетақы алмайтын болады. 

- Қазіргі уақытта 1959 жылы туған 2600-ге жуық әйел тұрғын зейнетақыға құжат рәсімдеуге асықпай отыр. Оларға өтініш толтыратын кез келді. Бұл мүмкіншілікті пайдалану қажет, - дейді ШҚО Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент басшысы Марина Шаронова. 
Өтініш толтырылғаннан кейін ғана зейнетақы төлене бастайды. Ал мамандардың айтуынша, әрбір зейнеткерлікке шығушы зейнет жасына (58 жас) толмай тұрып, он күн бұрын жергілікті Халыққа қызмет көрсету орнына келіп, барлық құжаттарын тапсырып кетуі қажет. Оның үстіне, келесі жылдан бастап зейнетақы көлемін есептеу бойынша жаңа жүйе енгізіліп, әйелдердің зейнеткерлік жасы жарты жылға дейін ұзартылмақ.

Қазіргі уақытта зейнетақы алуға асықпай жүрген жандарға зейнетақы қорының қызметкерлері хабарласып ескерткен. Ал зейнетақы рәсімдеу үшін көп құжаттың қажеті де жоқ: жеке төлқұжат, еңбек кітапшасы, әскери билет, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік.  

Зейнетақының қандай сомада болатындығын Халыққа қызмет көрсету орталығына барып білсе болады. 
Следующая →