Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бруцеллез 12 сағатта жойылады

Облысқа халықаралық жануарлар індетінің бюросы келіп, облыстық ветеринария қызметінің жайымен танысқан болатын

Бұрын өңіріміз мал шаруашылығы үшін қолайсыз саналып келген. 

Дегенмен ағымдағы жылдың мамыр айында облыс әкімдігі мен ауыл шаруашылық министрлігінің басшылығымен халықаралық жануарлар індетінің бюросы келіп, облыстық ветеринария қызметінің жайымен танысқан. Ең алдымен, аусыл аурулары бойынша тексеру жүргізіліп, облысымыздың қолайсыз өңір деген статусы алынып тасталды. 

- Аусыл ауруынан басқа бізде ең үлкен қауіп төндіретін бруцеллез деген індет бар, - дейді ШҚО Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Асқар Жакупбаев. - Бруцеллез бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл бруцеллезге қарсы 120 мыңнан астам ірі қара малға вакцинация жасалды. Ал басқа індеттер бойынша біздің өңір амандықта. Иә, бірен-саран дерттер бойынша жағдайлар орын алып тұрады. Бірақ олармен нақты жұмыстар жүргізуге болады.

Айта кету керек, бруцеллездің өзі екі түрге бөлінеді. Ол қой мен ірі қара малында айтарлықтай ерекшелікпен сипатталады. Тіпті, оларға қатысты әрекеттер де өзгеше. 

- Қой малы бруцелезге шалдықса, бірден ет комбинатына апарып өткізген дұрыс. Ол жерде етті қайта өңдеу жұмыстары жүргізіледі, - дейді Асқар Шакенұлы. - Ал ірі қараның бруцеллезі өзгеше. Оны сойған соң салқын жерде ұстаса, 12 сағат ішінде бруцеллез жойылады. Осылайша етті шектеусіз сата беруге болады.

Ауруға шалдыққан қой малын комбинатқа өткізсе, үкімет тарапынан 30 пайыз қаражат төленеді. Ол ет концервісіне кетеді. Ал ірі қараны сойғанда бауырында, өкпесінде бруцеллезге қатысты өзгерістер болса да үкімет 30 пайызын, ал сойған зауыт 70 пайызын өтеп беруі керек.
Следующая →