Жер учаскелеріне өтініш қабылдануда
Қасым Қайсенов ауылында былтыр қырық пәтерлі үйдің іргетасы қаланған болатын. Биыл бұл жұмыстар аяқталды
Биыл бұл жұмыстар аяқталып, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында оларды жүзеге асыру жұмыстары басталды.
Тұрғызылған пәтерлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» серіктестігімен шаршы метріне 119 мың теңгеден жүзеге асырылады. Ал биыл шілде айында 3-4 позициядағы үйлердің шаршы метрі 121 мың теңгемен «Центркредит» банкі арқылы жүзеге асырылды.
- 4-санаттағы жайлылықпен тұрғызылған пәтерлерге тұрғындарымыздан құрылыс сапасы жөнінде ешқандай шағым түскен жоқ, - дейді Ұлан ауданының әкімі Дәулет Батырбаев. - Қасым Қайсенов кентінде 493 жер учаскесіне 550 млн теңге қаражат бөлініп, биыл инфрақұрылым жұмыстары аяқталды. Мемлекет тарапынан су тартылып, электр желілері орнатылды. 340 жер учаскесі 2007-2008 жылдары берілген. Ендігі кезекте 53 жер учаскесін 2017-2018 жылдары пайдаланып қалуды ұсынамыз. Қала сыртындағы үйді кім армандамайды?
Бүгінгі таңда бұл учаскелерге үш базалы жобалық-сметалық құжаттама жобасы дайындалған. Олар 80, 97, 117 шаршы метрді құрап, 3-4 бөлмелі үйлер тұрғызуға мүмкіндік береді. Осылайша Ұлан ауданының құрылыс және сәулет бөліміне жер алуға кезекке тұруға болады. Бөлімге келіп, үш жоба бойынша үйді таңдап, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» барып, төлемге қабілеттілігіңізді анықтаған соң, «Нұрлы жер» бағдарламасына қатыса аласыз.
- Сіз үй құрылысына 5 пайыздық жеңілдікпен несие ала аласыз, я болмаса жергілікті атқарушы органмен бірыңғай құрылыс ұйымдастырылса, 7 ай ішінде үй тұрғызылады. Кейін барлық құжатты банкке беріп, 15 жылға несие ала аласыз, - дейді Дәулет Бахитұлы. - Қасым Қайсенов кенті, біріншіден, экологиялық таза өңір. Атығай асуы өндірістік қалдықтардың таралуына жол бермейді. Сол сияқты «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында келесі жылы Өскеменнен Қалбатауға дейінгі жолды қайта құру жұмыстары басталады. Қасым Қайсенов ауылына дейін бірінші деңгейдегі сапалы жол төселеді.
Қаладан 15 шақырым жерде орналасқан аудан орталығында әлеуметтік пакет толығымен қамтамыз етілген. Былтыр қолданысқа берілген 1200 орындық мектепте 968 бала оқуда. 300 орындық балабақша, оқушылары көптеген олимпиада жеңімпаздары атанған музыкалық мектеп, жүзу бассейндері, спортзал тегіс қамтылған.
Следующая →