Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жеңілдікпен берілетін дәрі неге қымбат?

Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Өскемен қаласындағы дәріханаларды аралап шығып, тегін таратылуы тиіс дәрілердің жетіспейтіндігін анықтаған

Мәселен, қант диабетімен ауыратын жандарға берілетін 19 дәрінің тек бес-алтауы ғана дәріханада бар болса, жүрек ауруларына ұсынылатын 8 дәрінің тек екі-үшеуі ғана бар болып шыққан. Ал гипертонияға қарсы дәрілердің бірде-бірі жоқ. Қоғамдық кеңес мүшелері денсаулық сақтау басқармасының босаң жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізді. 

- Дәрінің не үшін жеткізілмегендігін түсіндіре алмай отырсыздар. Егер мамандар жұмыс жасай алмаса, орнына басқа білікті мамандар келсін, - деді Қоғамдық кеңес төрағасы Серік Оразбаев қоғамдық отырыс барысында. 

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы биылғы жылдың басында тасымалдаушы компаниялармен болған соттың созылуы дәрі-дәрмектердің дер кезінде жеткізілуіне кедергі болғандығын айтады. 

- Сот аяқталды. Дәрілердің тізімі мен рецептісі дайын. Дәрі-дәрмектер біртіндеп жеткізіле бастады. Бір ғана тасымалдаушымен келісімге келдік. Ол желтоқсан айына қажетті дәрілерді қараша айының соңында жеткізеді, - деді басқарманың дәрі-дәрмекті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Рауан Абзалиев. 

Қоғамдық кеңес мүшелері жеңілдікпен берілетін дәрілердің бағасы негізсіз қымбаттатылғанын айтады. Яғни, тасымалдаушы компания дәрілерді арзанға әкелсе де, дәріханалар оны ондаған есеге қымбатқа сатады.  

- Мәселен, гипертензияны емдейтін «Бисопрол» дәрісінің әр данасы 8 теңгеге жеткізілгенімен, дәріханада ол 675 теңгеге сатылуда. Ал дәріхана сатушылары оны тұрғындарға жеңілдетілген бағада, рецепті бойынша сатқысы келмейді. Өйткені  арзанға түседі, - дейді ШҚО Қоғамдық кеңесінің денсаулық сақтау жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Татьяна Чернышова.

Жұмыс тобы тағы да бір отырыс өткізіп, дәрі-дәрмек бағасын реттеу жөнінде ұсыныстар жазып, оны ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жіберуге келісті. 
Следующая →