Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да үш мыңнан астам жас - жұмыссыз

Облыста үш мыңнан астам жас - жұмыссыз. Олардың төрттен бір бөлігі өз кәсібімен айналысса, қалғандары қос қолға бір күрек таба алмай жүр

ШҚО Ішкі саясат басқармасы құқық қорғау органдары мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, білім беру және спорт басқармасынан жиналған мамандармен бірлесе отырып, жұмыс тобын құрған. Бұл жұмыс тобы 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап қала мен аудандағы әрбір үйді тексеріп, жұмыссыз жүрген жастарды анықтаған.

- Тексеріс барысында 4219 жастың жұмыссыз екендігі анықталды. Оның ішінде 3037 азамат жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, кейін жұмысқа орналастырылды. 459-ы жеке кәсіппен айналысатынын айтып, тіркелмеді. Ал қалған 1182 жас жұмыссыз ретінде тіркелуден мүлдем бас тартты, өйткені бұл ауыл жастарының айналысар шаруасы бар. Мәселен, көбі төрт түлік малмен шұғылданады, асабалықты кәсіп етеді, - дейді ШҚО Ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Еркебұлан Балтабеков.

Жастарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында жыл сайын «Жасыл ел» бағдарламасы ұйымдастырылады. Биылғы жазда 1475 ұл-қыз «Жасыл елге» жұмысқа қабылданған.

- «Жасыл ел» бағдарламасына жұмысқа қабылдауда ауыл жастарына көп мән берілді. Өйткені жұмыссыз жастардың көбі ауылда, - дейді Еркебұлан Сайлаубекұлы.

Ал 2017 жылғы ресми дерекке сүйенсек, облыста 3200 жас жұмыссыз жүр. Олар жұмыспен қамту орталығына тіркелген. Кейбірі оқытылады. Кейін оларды жұмысқа орналастыру шаралары жасалады.  

Следующая →