Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ендігі жылы Өскемендегі көшелер кеңейтілмек

Ендігі жылы Өскемендегі Астана пен Протозанов көшелерін және Сәтпаев даңғылын кеңейту жұмыстары басталмақ

Сәтпаев пен Жібек жолы көшелері қиылысында айналма жол салу да жоспарда тұр.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Өскеменде жол кептелісін азайту мақсатында қаладағы көшелерді кеңейту қолға алынған. Жолдарды кеңейту жұмыстары қазірдің өзінде басталып кеткен. Облыс әкімі Даниал Ахметов қаладағы жол жөндеу жұмыстарымен танысып, бірнеше тапсырма берген.

Соның бірі - Сәтпаев даңғылын кеңейту мәселесі. Даңғыл алты жолақты етіп салынбақ болған. Алайда аймақ басшысы құжатқа толықтыру енгізіп, даңғылдың ортасын бөліп тұрған аумақты алып тастап, оның орнына жол салуды тапсырған.

- Жолдың ортасын бөліп тұрған жолақты алып тастау қажет. Осылайша жолды екі есеге үлкейте аламыз. Құрылыс жұмыстары тоқтап қалмауы үшін қыста құжаттарды реттеумен айналысыңыздар. Келесі жылы 1 млрд 800 млн теңге бөлеміз, - деген Даниал Ахметов мердігерлермен кездесу кезінде.

Екіншісі - Астана мен Протозанов көшесін кеңейту. Мұнда да облыс әкімі көше жиегін барынша кеңейтуді тапсырып, кем дегенде, төрт жолақты болуын талап еткен.

- Астана көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының басты мақсаты - асфальт жабындысын жаңарту емес, жол жиегін барынша кеңейту, - деді Даниал Ахметов мердігерлерге. - Астана мен Протозанов көшелерінің жолағын барынша кеңейтуді тағы да тапсырамын. Олардың қатары төртеу болуы тиіс.

Ал Өскемен әкімінің орынбасарына жол жөндеу жұмыстарына өзге облыстағы мердігерлерді де шақыруға тапсырма берілген. Өйткені жергілікті мердігерлер жолды сапасыз салғанымен қоймай, жобада көрсетілген, уәде етілген жұмыстарын жасамаған. Мәселен, Лопатино аралынан Ахмер кентіне дейін жол салуға тапсырма алған «ЭлитЭнергоСтрой» компаниясы өз ісіне жауапсыздық танытып, мардымды іс тындыра алмаған. Жөндеуге небары 4 техника ғана жұмылдырған. Бұл компанияға бөлінген қаржы қайтарып алынып, аурухана құрылысына табысталған. Жобаның жалпы құны 1 млрд 128 млн теңгені құраған.

Следующая →