Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Шығыс Қазақстан інжу-маржандары» оқу-білім кешені ашылды

Биыл С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ашылғанына 65 жыл толып отыр

Соған байланысты оқу орнының Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті университет қабырғасында «Шығыс Қазақстан інжу-маржандары» атты оқу-білім кешенін ашты.

Өлкемізде орман да, тау да, дала да, шөл де орналасқан. Он тоғыз орман түрі бар әрі ТМД елдерінің ешбірінде мұндай орман түрлері орналаспаған. Табиғаты мұншалықты бай өңір елімізде жоқ. Сондықтан өлкенің табиғаты мен жан-жануарларын факультет студенттеріне таныстыру мақсатында мұражай-кешен ашылған.

Оқу-білім кешенінің ішінде кеппешөп кабинеті, табиғат мұражай, зерттеу лабораториясы орналасқан.

- Мұражайда өлкемізде сирек кездесетін өсімдіктер мен құстардың, жан-жануарлардың экспонаттары жинақталған. Жәдігерлерді жинауға биология кафедрасының оқытушылары атсалысып, ғылыми зерттеу нәтижелерін мұражайға ұсынды. Студенттер жәдігерлерді пайдаланып ғылыми жұмыстар жазады. Зоология, анатомия, биологиялық эволюция сынды пәндерді оқытуда қолданылады, - дейді биология кафедрасының меңгерушісі Алмаш Анашбайқызы.

Оқу кешенін ашуға профессор Анар Мырзағалиева мұрындық болса, мұражайдағы экспонаттарды жинауға профессор Константин Проколовтың үлесі мол болған.

- Факультет студенттері жыл сайын оқу тәжірибесінен өтіп, өлкеміздің өңір-өңіріне саяхат шегіп, зоология мен ботаникаға қатысты мағлұматтар жинайды. Қызығушылығы туған студенттер кептірілген шөп пен жануар терісі, асыл тастарды жинап оқу орнына әкеледі. Кейбір жәдігерлердің тарихы тым тереңде. Мәселен, Өскемен гидроэлектр станциясын салу кезінде табылған осыдан 5-10 млн жыл бұрын тіршілік еткен еліктің жамбас сүйегі біздің мұражайға қойылды. Әсіресе, құстардан құралған экспонаттар көп. Өйткені өлкемізде Қызыл кітапқа енген құстар көп кездеседі. Дала қыраны, бүркіт, аққу, субүркіт сынды құстардың бейнелері дайындалған. Жәдігерлердің ең құндысы мынау деп бөліп көрсетуге болмайды. Бәрі құнды, бәрі маңызды, - дейді Константин Проколов.

Мұражайда аю, қасқыр, түлкі тәрізді жануарлармен қатар, минералды асыл тастар, денесі арнайы химиялық қоспада сақталған жәндіктер қойылған. Кейбір жануарлардың кептірілген терілері Алматы қаласындағы зоология орталығында жасалып әкелінген. Өйткені бұл орталықта экспонаттар сапалы жасалынады. 

Следующая →