Усть-Каменогорск
малооблачно
+25°
  • Усть-Каменогорск
    +25°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +21°
  • Караганда
    +19°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +16°
  • Кызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +22°
$
510.84
+3.77
579.7
+7.17
¥
71.11
+0.74
6.39
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тілдер күні аясында әдеби-музыкалық кеш өтті

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде Қазақстан халқының тілдері күні аясында әдеби-музыкалық кеш өтті

Қазақстан халқының тілдері мен ұлттық мәдениетінің байлығын, бірлігі мен ынтымақтастығын паш ету мақсатында ұйымдастырылған әдеби-музыкалық кешке қазақ, белорусь, украин, орыс және корей этномәдени орталықтарының өкілдері, өңірлік қолбасшылық басқармасы, Өскемендегі №5518, 6699, 3477 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысты.

- Тілдер күні - достықтың, туыстастықтың және еліміздің барлық азаматтарының бірлігі мейрамы. Халықтар достығы, өзара түсінушілік және ынтымақтастық - Қазақстанның ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты тірегі. Біздің елімізде 130 астам ұлт пен ұлыс өкілдері ел игілігі үшін еңбек етіп, келісімде өмір сүруде, - дейді ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде түрлі ұлт өкілдері қызмет атқаруда, олар өздерінің әскери қызметке деген саналы көзқарастарымен елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне өз үлестерін қосып келеді.


Следующая →