Нұрлыбек Баймұратовтың 130 жылдығына арналған ақындар айтысы өтуде
Бесқарағай ауданында суырып салма ақын Нұрлыбек Баймұратовтың 130 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтуде
Ақын Нұрлыбек те Жамбыл атамыздың тағдырын қайталаған көрінеді. Он жасында ұйықтап кетіп, түсінде "көген" емес ӨЛЕҢ таңдаған екен. Жамбыл ақынның өзі "дүлдүл ақын" деп баға берген көрінеді. Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовпен үзеңгілес дос болған ақын Бесқарағай халқының мақтанышына айналған.