Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Үш жылда аулалар тегіс жөнделеді

Шығыс өңірінің басшысы Өскемен мен Семей қалаларының әкімдеріне аулаларды жаңғырту бағдарламасын құруды тапсырды

Алдыңғы үш жыл ішінде ШҚО билік өкілдері екі негізгі қалалардың аулаларын толыққанды жөндеуден өткізеді. Қайта құру жоспарын жүзеге асыруға екі ай берілді.

- Семей мен Өскемен әкімдері екі ай ішінде аулаларды жөндеу бағдарламасын құруы керек. Мұның қалай жүзеге асатыны маған аян. Бірақ сендерден ұсыныс күтетін боламын. Барлығы есепке алынуы керек, - дейді өңір басшысы Даниал Ахметов кеңейтілген аппараттық жиналыс барысында.

ШҚО әкімі «Менің аулам» деп атаған үш жылдық бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен екі жарым миллиард теңге қаражат бөлінген. Бұл сома әрбір ауланы жарықтандыруға, көгалдандыруға және кішігірім сәулет формаларын орнатуға жұмсалады.

- Өткен ғасырдың қорын жаңартып, бұзылған аула кіреберістеріне тас жол орнатып, олардың әрқайсысын жарықтандырамыз. Бұл екі қала үшін де тың өзгеріс болмақ, - дейді облыс басшысы.

Айта кету керек, газетіміздің өткен санында Өскемен қаласының аулаларын жөндеу жұмыстары басталғаны туралы жазған едік. Жоспар бойынша бір ауланы жөндеуге бір ай жұмсалатын болады.

Следующая →