Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

«Қоңыр әулие» орны ұлықталды

"Қоңыр әулие" үңгіріне ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхамед арнайы жұмыс сапарымен барды

Екі ай бұрын "Қоңыр әулие" үңгіріне тазарту, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген. Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл жұмыстардың бабымен танысып қайтты.

Шынымен, үңгірдің бұрынғы жағдайы келуші туристерге қолайсыз болатын. Шам да болмаған тас қараңғы үңгірдің мыңдаған жылғы ыс-күйесі бес елі, үңгір түбіндегі шипалы суға барар жол қиыршық тастарға толы болды. Бұл кедергілердің болғанына қарамастан Қазақстанның алыс-жақын жерлерінен, шетелдерден келушілердің қарасы көп болды.

- Қоңырдың ішін тазалауға бір жарым ай жұмсадық. Тазарту жұмыстарына құмды пайдаландық, - дейді Қарауыл ауылының тұрғыны Рүстем Сәрсекеев. - Бұл жұмыстардың барлығына кем дегенде 6 камаз құм кетті. Алғаш келгенімізде қарапайым шамдар болған еді. Қараңғы ортада жүріп, бұрынғы замандардан қалып қойған күйе, ыстарды тазаладық. Неге десеңіз, бұрынғы ата-бабаларымыз да бұл үңгірге қатынап тұратын. Ол заманда шам болмағандықтан, оттық алып кіреді. Бірнеше ғасырдың табы қалған қасиетті орынның тазалау жұмыстары алғаш рет жүргізілді.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында үңгірді тазарту, жол бағандарын орнату жұмыстары жүргізіліп, қуаттылығы үлкен прожекторлар мен шамдар қойылды. Үңгірдің тереңдігіне сай 120 метр болатын ағаш баспалдақты жол төселіп, жерасты суына барушыларға арналып демалыс алаңдары салынды.

- Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасымыз ең ұлы ескерткіштердің бірі - Абайдың мүсінін орнатты, - дейді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхамед. - Өзінің әрбір сөзінде жастарды ұлы ақынның сөзіне шақырады. Абай тек ұлы ақын емес, ұлттың ұлықтар ұстазы. Сондықтан, Абайдың атымен байланысты кез келген дүниенің біз үшін маңызы зор. Бұл жерлер біз үшін кәделі орындар. Шығыс Қазақстанда салт-дәстүрімізге байланысты орындар үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.

Ертеректе Қоңыр әулие үңгірінің тұсында қорымдар болған. Жоңғар шайқасында қаза тапқан батырлар үңгірдің тұсында жерленген. Кейбір деректер бойынша қорымдардан бөлек, балбал тастарға дейін кездесетін. Кеңес одағы заманында бұл тастар Мәскеуге жіберілді. Бұл байлықтардың біраз бөлігі Семей мұражайларында сақталған. Осыған арнап үңгір ішіне батырлар мүсіндері мен этнографиялық белгілер, ана бейнесіндегі балбал тастар орнатылды.

Үңгірдің тереңдігі 125 метрге жетеді. Бір айдың ішінде суда жүзетін арнайы дрондар үңгір суына жіберіледі.

Бір қызығы, ғасырлар бойы сақталған ыс-күйені тазарту барысында үңгір қабырғаларынан ерте заманғы таңбалар да анықталған. Еуразия Ұлттық университеті және Шәкәрім атындағы университтің ғылыми қызметкерлері бас қосып, бұл таңбалардың астарын анықтауда. Сол сияқты үңгір түбіндегі шипалы судың құрамын, оның тереңдігі мен түбін зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда.

Следующая →