Жазасын өтеу мерзімі үш айға ұзартылды
Пробация қызметі қылмыстық-атқару жүйесінің бір бөлімі ретінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайды
Алайда, бас бостандығын шектеу түрінде жазаға сотталған кейбір тұлғаларға қатысты тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар жүргізілсе де, олар соттың сенімін ақтамайды.
Сонымен, ШҚО бойынша ҚАЖД Үлбі аудандық пробация қызметінің есебіне ҚР ҚК-ның 309-бабы 2-бөлімі 1-тармағы бойынша 3 жылға бас бостандығын айырып, ҚР ҚК-ның 63-бабы бойынша шартты сынақ мерзімі деп танылып, пробациялық бақылауға К есімді азамат қойылған. Жазаны өтеу барысында ол пробация қызметінің инспекторларымен жүргізілген профилактикалық іс-шараларын орындамай, жаза өтеу тәртібін бұзған.
Сол себептен, ҚР ҚК-ның 64-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа мерзімін ұзарту үшін ұсыным жолданып, соттың шешімі бойынша жазасын өтеу мерзімі үш айға ұзартылды.
К. Мусатаева,
ШҚО бойынша ҚАЖД
Үлбі аудандық ПҚ аға инспекторы