Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Мүгедектер мемлекет қазынасына білместіктен төлем жасаған

Шығыс Қазақстан облысындағы мүгедек жандар қателесіп бюджетке 40 миллон теңге шамасында төлем жасаған

Білместіктен бармақ тістейтін сәт әркімнің өмірінде болатын шығар. Әсіресе, қаржы тұрғысынан жіберілетін қателіктердің қапасы қара терге салатыны белгілі. Мұндайда бірі Алладан қайтар деп сабырға келсе, кейбір тапқан-таянғандарынан айрылғандар тыныштықтың тынымынан айрылады. Күнделікті өмірі арпалыспен өтетін мүгедек жандардың мемлекет қазынасына негізсіз 40 миллион теңге төлегендігін шенді ағаларымыз, яғни, облыстық прокуратура қызметкерлері анықтаған.

Атап айтқанда, өңіріміздегі мүгедектер ұзақ мерзімнен бері түрлі салықтар мен алымдардан босатылған болып шыққан. Бұған қарамастан ерекше қажеттілігі бар жандар аянбастан бюджетке төлемдерін өтеп отырған. ШҚО Прокуратурасы бұл төлемдердің биылғы жылға дейін 40 миллион теңгеге жеткенін анықтаған.

Нақтырақ айтқанда, 2015 жылдың қаңтары мен 2017 жылдың маусымы аралығында жүргізілген талдау шарасы аясында өңірдегі 12 128 мүгедек азамат мемлекет қазынасына 40 миллион теңге шамасында негізсіз төлем жасағаны анықталды. Мүгедектердің заңмен төлемдерден босатылғанына қарамастан, олар жиі, әрі уақытылы төлем жүргізіп отырған. Қарастырылып отырған уақыт аралығында мүгедектер жер және мүлік салығын, мүлікті мемлекеттік тіркеу алымдары мен өзге мемлекеттік баждарды бюджетке толықтай өтеп келген.

Заң бойынша, мүгедектер мемлекет қазынасына ақша төлемдерін негізсіз жасаса, бұл ақша мүгедектің арызы негізінде қайтарылуы керек.

ШҚО прокуратурасы бұл тұрғыда білместікпен бюджетке төлем жасаған мүгедектерді аумақтық мемлекеттік кіріс органдарына жүгінуге шақырады.

- Мемлекеттік баж төлемдерін қайтару өткен 3 жылға жасалса, салықтар соңғы 5 жыл бойынша қайтарылады, - деп хабарлады облыстық прокуратура мекемесінде. - Төленген салықтар сомаларын қайтару үшін бұл азаматтарға аумақтық мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет.

Алымдар мен мемлекеттік баж төлемдерін қайтару үшін тіркеу немесе рұқсаттама әрекеттерін жасаған органдардан төлемді қайтару негізділігі бойынша қорытынды алып, соңынан салық органына бару қажет.

- Төлемді қайтару арызына банктегі есеп-шоттың барлығын растаушы құжат пен төлемнің жасалғанын растаушы түбіртектің түпнұсқасы және көшірмесі қажет, - дейді прокуратура қызметкерлері.

Айта кету керек, дәл осындай оқиға қаңтар айында Қызылорда облысында да орын алған болатын. Облыстағы 3 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандардың білместіктен төлеп отырған салықтарының көлемі 6 миллион теңгеге жеткен.

Қадағалау органы мүмкіндігі шектеулі жандар мынадай төлемдерден босатылғандығын естеріңізге салады:

- жеке тұлғалармен төленетін мүлік, ауылшаруашылық нысандағы жерлер, елді мекендегі жерлер үшін салықтардан;

- жылжитын мүлік кепілін, жылжымайтын мүлікке, авторлық құқықпен қорғалатын шығармаларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша алымдардан;

- нотариалдық әрекеттерді куәландыру, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жеке тұлғаны куәландырушы құжаттар беру, мемлекеттік номерлік белгілер беру, азаматтық хал актілерін тіркеу, зияткерлік меншік саласындағы құқықтық әрекеттерді растау, соттарда құжат тапсыру үшін төленетін мемлекеттік баждардан.

Сол сияқты Жер салығы Салық кодексінің 373-бабының 3-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, барлық топ мүгедектері, сонымен қатар, бала жасынан мүгедек азаматтың ата-аналарының бірі келесілер бойынша жер салығын төлеушілер болып табылмайды:

- тұрғын үй қоры тұрған жер телімі, оның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар;

- үй жанындағы жер телімі;

- жеке үй (қосымша) шаруашылығын жүргізу үшін ұсынылған жер телімі;

- бақша өсіру және саяжай құрылысы, оның ішінде, құрылыс салынған жерлер;

- гараж салынған жер телімі.

Следующая →