Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Роза Рымбаева туған жеріне тағзым етті

Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, эстрада әншісі, киноактриса, педогог-профессор Роза Қуанышқызы 60 жылдық мерейтойын Жармада атап өтті

Халықтың сүйікті әншісі ағымдағы жылдың 28-ші қазанында Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылындағы Мәдениет үйінде жеке концертін берді. Аталған концерт тегін ұйымдастырылды.

Концерт барысында аудан басшысы Нұрлан Сыдықов Роза Қуанышқызына алғысын білдіріп, «Жарма ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етті. Роза Қуанышқызы өз кезегінде жерлестерінің ыстық ықыласына дән риза екендігін жеткізіп, алғысын білдірді.

- Өзімнің туған өлкеме келгеніме шын қуаныштымын. Мұндағы көптеген өзгерістерге тәнті болдым. Тіпті, мансабым басталған Мәдениет үйі де өзгерген. Туған күнімді өз жерлестерімнің ортасында атап өту мен үшін үлкен қуаныш, - деді Роза Рымбаева.

Бір жарым сағатқа созылған концертке 500-ден астам көрермен жиналды.

Естеріңізге саламыз, КСРО және қазақстандық эстрада әншісі 1957 жылдың 28 қазанында Жарма ауданына қарасты Жаңғызтөбе ауылында дүниеге келген. Роза Рымбаева сахнаға алғаш рет 1975 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 30 жылдығында сахнаға шыққан. 

Следующая →