award.kz
09 декабря (пятница) 2016, 20:21

Если у тебя проблема, попробуй ее решить. Не можешь ее решить, тогда не делай из этого проблемы. Будда

/ Новости мира
19 марта 2016 года, 18:41 2073 Айым Касембаева

Ресейде құлаған Boeing ұшқыштарының аудиожазбасы желіде пайда болды

Құрамындағы барлық жолаушылар қаза болған«Боинг-737» ұшағының апатқа ұшырар алдындағы аудиожазбалары пайда болды
Мир. - Ресейде құлаған Boeing ұшқыштарының аудиожазбасы желіде пайда болды
Источник: © nur.kz Фото: © viascope.com
Желіде Ресейдегі Ростов әуежайына қонбақшы болған «Боинг-737» ұшағының апатқа ұшырар алдында бірнеше минут бұрын диспетчерлермен сөйлесуінің аудиожазбасы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы. 

Видеоны Donday.ru порталы жариялады. Аудиожазбадан ұшқыштың диспетчермен сөйлескенін естуге болады. Олар бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлескен. Сөйлесудің басталған уақыты – 3.31. 

FZ981 рейсі Ростов қаласына сағат 1.20-да қонуы тиіс болатын. Бұл дегеніміз ұшақ екі сағатқа кешігіп қонған. Рейстің кешігуі Ростовтағы ауа райы салдарынан болуы мүмкін.

Сөйлесу басталған кезде «Боинг» шамамен 1500 шақырым биіктікте болған және қонуына бірнеше минут калған еді. Ұшқыштың да, диспетчердің де дауыстарында ешқандай қобалжу байқалмайды. Олар қонудың қарапайым техникалық мәселелерін талқылап отырған. 

Еске салсақ, Дубайдан ұшып келе жатқан «Боинг-737-800» жолаушылар ұшағы Ростов-на-Дону қаласында наурыздың 19-ы күні Мәскеу уақытымен сағат 3.40-та (Алматы уақытымен сағат 06.40-та) апатқа ұшырады. Лайнер екінші рет қонуға талпынған кезде ұшып-қону жолағына жақындап құлаған. 

Құлаған сәтінде ұшақ бортында 55 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты. 

Ростов әуежайына қаза болғандардың жақындары барып жатыр. Олармен психологтар жұмыс жасауда. Ресей ТЖМ-і Ростов-на-Дону қаласында құлаған ұшақтың жолаушылары мен экипаж мүшелерінің тізімін жариялады. 

Сол арада, Ресейдегі өңірлік тергеу басқармасының басшысы Оксана Коврижная қазіргі кезде Boeing жолаушылар ұшағының құлауының екі себебі қарастырылып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новостиға» сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. 

«Қазіргі кезде Дондағы Ростовта болған әуе апатының екі негізгі себебі қарастырылып отыр: ауа райының қолайсыздығынан басқару қателігі немесе техникалық ақаулық», - деп нақтылады Коврижная.



Подписывайтесь на группу «Устинки Live» Вконтакте, чтобы первыми узнавать о главных новостях и важнейших событиях дня.

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.

Новости по теме

наверх