/ Новости мира

Атырауда жанар май көлігі отқа оранып жүргізушісі ажал құшты

Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады
26 января 2016 года, 08:33 3396
Мир. - Атырауда жанар май көлігі отқа оранып жүргізушісі ажал құшты
Источник: © Алдасан Фото: © today.kz
Атырауда бензин таситын көлік жарыл, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлердің бірі бензин таситын көліктің өртеніп жатқан сәтін видеоға түсіріп алған. ТЖК ресми өкілінің мәліметінше, 23 қаңтарда түскі 12-де Атырауда көліктің цистернасында балқытып біріктіру жұмыстары кезінде газды ауа қоспасында жарылыс болып, кейін өртке ұласқан.
 
Өрт жарты сағаттың ішінде сөндірілді. 10 шаршы метр аумақты жалын шарпыды. Оқиға орнында жарылыстан алған жарақатынан 1962 жылғы азамат қаза болды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы мен 2 дана техника жұмылды.  Расталмаған мәлімет бойынша, қаза болған адам балқытып біріктіруші болып жұмыс істеген.

Авторы: Сәкен Ерасыл

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.

Новости по теме

наверх