Жұртты шошындырған шошқа тұмауы өршіп тұр
Санаулы күндер бұрын ғана бір адамның өліміне себепші болған шошқа тұмауы Ақтөбеде өршіп тұр
Фото:
nikpravda.com
Тазалық мамандарының берген соңғы ақпараты бойынша жиырма сегіз адамның H1N1 вирусын жұқтырғаны белгілі болды. Көп бөлігі қаланың өзінде. Орталықта жиырма алты адамның ағзасынан осы вирус табылған.
Мамандар ел арасында шошқа тұмауы атанған бұл аурудың ауа арқылы таралатындығын айтып отыр. Қоғамдық орындарда, адамдар көп шоғырланған жерде дерті жұқтыру қаупі бар. Қарапайым тұмаудан айырмашылығы дене қызуы көпке дейін түспеуі мүмкін, ал асқындырып алсаңыз, өкпені тез зақымдайды. Алғашқы тұмау белгілері байқала бастағаннан өздігінен емделмей, дереу дәрігерге көрінген жөн.
Авторы: Сәкен Ерасыл
Следующая →