Усть-Каменогорск
ясно
+6°
• Усть-Каменогорск
+6°
• Алматы
+17°
• Нур-Султан (Астана)
+4°
• Актобе
+4°
• Форт-Шевченко
+9°
• Атырау
+6°
• Караганда
+5°
• Кокшетау
+5°
• Костанай
+5°
• Кызылорда
+14°
• Павлодар
+6°
• Петропавловск
+3°
• Тараз
+15°
• Уральск
+2°
• Шымкент
+17°

449.58
-0.49
486.94
-1.57

62.22
-0.13
4.86
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

21 жолаушының өмірін қиған сауатсыз басшы

Алматыда 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесінің өмірін жалмаған ұшақ апатына қатысты сот процесі басталды

Новости мира / 21 жолаушының өмірін қиған сауатсыз басшы
Фото:
caravan.kz
«СКАТ» әуе компаниясына тиесілі әуе кемесінде болған 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесінің өлімі үшін сот алдында жалғыз адам – Вячеслав Артеменко жауап беріп жатыр.

Қайғылы оқиғаны марқұмдардың туыстарының қайта еске алуына тура келді. «Challenger-дің» қалай құлағаны және оның қалдықтары жайлы жасалған баяндама жараның бетін қайта ашқандай болды. Әсіресе, өз әріптестерінің өліміне кінәлі деп айыпталған ұшу қызметінің директоры Артеменкоға бұл ауыр тиген сыңайлы. «СКАТ» компаниясының 51 жастағы қызметкері төмен қараған басын сол күйі көтермеді. 120 томдық істің 50 беті осы басшының жіберген қателіктерінен тұрады екен.

Яғни, қолайсыз ауа-райына қарамастан, әуе кемесіне көкке көтерілуге рұқсат берген. Ол аздай, ұшқыштар кабинасына өзге адамды кіргізіп жіберген. Қалың тұманнан әбігер болған экипаждың опат болуына осы да әсер еткен болуы керек. «CRJ-200» жасаған рейске осылай салғырт қараған бастыққа айыптаушы жақ 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

2013 жылдың 29-шы қаңтарында Көкшетаудан ұшып келген «CRJ-200» Алматы түбіндегі Қызылту ауылы маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортындағы 21 адамның ешқайсысы тірі қалған жоқ.

Авторы: Сәкен Ерасыл
Следующая →