Доптан гөрі долларды домалатқан футболшыларының жалақысы қысқарды
Еліміздің бетке ұстар командасы – «Ақтөбе» футбол клубы ойыншылардың жалақысын қысқартпақшы
Фото:
hdoboi.org
Енді ең мықты деген футболшы үш миллион теңгеден артық айлық алмайды.
Ал клубтың бұған дейінгі жарты миллиард берешегі ақыры қазынадан бөлінетін қаржымен жабатын болды. Айта кетелік, үнемдеуді білмегені үшін аймақтың бас ревизоры Сағат Еңсегенұлы «Ақтөбе» командасының басшылығынан қуылған еді. Енді оның орнына келген жаңа директор қаржыны қалай жеткізерін білмей басы қатып отыр.
Биыл «Ақтөбе» клубына қазынадан 2 млрд теңге бөлініпті. Бірақ оның тең жартысы бұған дейінгі берешекті өтеуге және клубтан кететін спортшылардың қосымша жалақысына берілмекші. Сөйтіп, қымбат ойыншылармен қош айтысып, жергілікті футболшыларды командаға тартып жатыр.
Авторы: Сәкен Ерасыл
Следующая →